«ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Ақтөбе облысының күндері басталды. «Жасыл» экономика саласында таңдалған алты жоба қатарында отандық рельс те бар.  «Қазақстан» ұлттық павильонының «жасыл» экономика жобасын мазмұнды жəне тақырыптық жағынан толықтыруды қамтамасыз ету мақсатында өңірде əрекет етіп жатқан жəне жүзеге асырылатын «жасыл» экономика саласындағы алты жоба таңдалып алынған. Атап айтсақ,  «Izet greenhouse» жылыжай кешені, «Талан технолоджи» ЖШС-нің тозған шиналарды кəдеге жарату жəне еден жабындысын шығару жобасы, «Союз гранд» ЖШС қоқыс сұрыптау кешені, қуаттылығы 100 МВт болатын «Кемпірсай» жел электрлі бекеті мен инвестиция көлемі 68 млрд теңге болатын «Kimpersay energy» ЖШС, «Юнайтед энерджи Ақтөбе» ЖШС-нің жел генераторларын шығаратын зауыты, сонымен қатар, «АРБЗ» ЖШС ағынсыз өнеркəсіп өндірісінің технологиясы.  Ақтөбе облысы күндерінің ашылуы ЭКСПО аумағында орналасқан амфитеатр сахнасында эстрада жұлдыздары мен облыстық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен «Ақтөбе – құтты мекен» гала концертімен өтті. 

Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе – Астана