Қасиет Қаңтарбаева
Құрықта құрылыс жалғасуда
1 мин чтения
Үкімет басшысының Бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болып, «Нұрлы жол» бағдарламасына кіретін нысандарға инспекторлық тексеру жасады.
Соның ішінде А. Мамин Құрық айлағының паром кешені екінші кезеңінің құрылыс нысандарын қарады. Өткізу кешенінің бірінші кезеңі өткен жылы желтоқсанда пайдалануға берілген болатын. Қазіргі таңда паром жүк вагондарын тәулік бойы тоқталыссыз өңдеуден өткізеді. Жыл басынан бері коммерциялық негізде 93 су кемесі жүктері өңделсе, 400 мың тонна жүк паром арқылы өткізілді. Жыл аяғына дейін бұл көрсеткішті 1 миллион тоннаға жеткізу көзделіп отыр.
Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында Құрық порты құрылысының екінші кезеңінің автокөлік өткелі құрылысын аяқтау туралы тапсырма берген болатын.
Қазіргі таңда паром кешенінің автокөлік желісінің нысандары тұрғызылуда. Автокөлік тұрағының теңіз айдынында табанын тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Батыс және Шығыс қоршауларының тоспалары құрылысы салынуда. Фитосанитарлық бақылау кеңсесі ғимараты, радиациалық қорғау боксы, кемелерді басқару жүйесі орталығының ғимараты, кеден және шекаралық инфрақұрылым нысандары құрылысы жүргізілуде.
Жаңа паром кешені басты жүктер мен сусымалы жүктерді мультимодальдық көліктік тасымалдау жасалып, транзиттік жүк ағыны артып, Қазақстанның Каспий айдыны бағытындағы экспорттық әлеуеті өсе түсті.