Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жол бойы жіті бақылауда
1 мин чтения
Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі басшылығы Жаңақорған мен Қоскөл станциялары аралығын ауа температурасының көтерілуіне орай кезекшілік кестесін түзіп, жол бойын бақылап тексеру жұмыстарын жасауда.
-Темір жол бойын локомотивтерден қарап бақылау жұмысы маусым айының екінші жартысынан басталды және де бұл шара «ҚТЖ» ҰК» компаниясы басшылығының телеграфтық пәрмені бойынша жүруде. Кезекшілік кестесіне қарай бөлімше басшысынан бастап жауапты мамандарға дейін учаскелер белгіленіп, қазірде тексеріп бақылау жұмысын жүргізудеміз. Бүгінгі таңда 124 кемшілік анықталып, оны дер кезінде орнына келтіру шаралары қолға алынуда,-дейді бөлімшенің қозғалыс қауіпсіздігі басшысы Әмірхан Жүсіпбеков.
Телімдерді бақылау барысында табылған кемшіліктердің басым бөлігі бағдаршамдардың жарығының нашарлығы, өрт қауіпсіздігінің алдын алу шараларына ықтияттылық, шақырымдық жүздік белгілерінің көрінуі кедергі болатын жол аралығындағы шөптің өсуі секілді жайттар негізінен Түркістан мен Сексеуіл станциялары арасында жиі кездеседі екен. Сонымен қатар малға қарсы сым қоршаулардың нашар учаскелері де анықталып, олапрды күшейт жайында тиісті мекемелерге ескерту жасалған.