Жарты ғасыр жарық пен жылу сыйлап...

Новости
13.06.2016, 11:24
Маңғыстау түбегіне тіршіліктің күре тамыры темір жол тартылған жарты ғасыр бұрын электрмен жабдықтау саласы да өз қызметін бастаған болатын. № 5-ші Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясы темір жол желілерін, пойыздарды электр қуатымен үзіліссіз қамтамасыз етіп отырған мекеме.  Кәсіпорын жұмысына электр нысандарын күтіп ұстау және жүйелердің өзара байланысын үйлестіру, олардың ақаусыз жұмыс істеуін бақылау кіреді. Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясының қызмет көрсету аумағы Опорный станциясынан Болашақ, Түркіменстан шекарасына дейін, Бейнеу  станциясынан Оазис станциясына дейін 926,8 шақырымды құрайды. Кәсіпорын құрамында 5 электрмен жабдықтау ауданы, 8 монтер пункті, 180 адамы бар 3 цех жұмыс істейді. Мекеме 6 электр станциясына, 3 жылжымалы электр станциясына, 146 трансформаторлы станцияға қызмет көрсетеді. Электрмен жабдықтау қондырғыларына қызмет көрсету, сондай-ақ ВЛ-10 кв А/Б және ПЭС бойынша жоспарлы-ескерту жөндеулерін жүргізу үшін 27 автокөлік техникасы пайдаланылуда. 2003 жылы Бейнеу – Оазис электр жүйесі қосылды. 2012 жылдың тамызынан бастап Өзен – Түркіменстан шекарасына дейінгі темір жол торабының 146 шақырымы Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясының балансына алынды. 2012 жылы наурыз айында «Өзен – Түркіменстан» темір жол линиясын сырттай электрмен қамтамасыз ету осы дистанция қарамағына алынды, соған байланысты Өзен электрмен жабдықтау ауданы ашылды. Өзен ЭЖБ ауданына қарасты, жаңа қазіргі заман талабына сай 110/35/6 Кв қосалқы станциялар жұмыс жасауда. 2015 жылы Жезқазған – Шалқар – Бейнеу темір жол торабының құрылысы  бойынша  Бейнеу – Тассай ауданы  алғаш рет  іске қосылды. Бейнеу – Тассай ауданы 287,8 шақырымды құрайды, оның ішінде 270,5 шақырымы 110кВ ӘЖ (әуе желісі), 773 шақырымы 6-10кВ ӘЖ, 28 шақырымы 0,4кВ ӘЖ, 5,8 шақырымы 6-10кВ КЖ (кабель желісі). Ауданда заманауи қондырғылар қондырылған. 6-10кВ ӘЖ СИП (өзіндік оқшауланған сым) маркалы сымнан жасалған. 110кВ ӘЖ  220/110/35кВ «Бейнеу» КЕГОК-тан  бастау алады. 110кВ  екіжелілік біртізбекті желі Бейнеу – Тассай ауданындағы  «Туруш» және «Құрсай» 110/10кВ  екі қосалқы станцияны қоректендіреді. Осы қосалқы станцияларда кернеу 110кВ-тан 10кВ дейін төмендетіліп,  АБ және ПЭ 10 кВ ӘЖ желісі бойынша таратылады. «Туруш» пен «Құрсай» 110/10кВ қосалқы станцияларында қуаты 4000кВА ТМН-4000/110/10кВ маркалы отандық өнім 2 дана трансформатор орнатылған. Осы қосалқы станцияларда ғана трансформатор майының жағдайын бағалайтын құрылғылар  қондырылған, яғни құрылғы май құрамындағы  газ және ылғалдылықты автоматты түрде анықтайды, бұл болса майдың құрамын хроманализ алу арқылы зерттеуге жарты жыл сайын арнайы зерттеу орталықтарына жіберу қажеттілігін туындатпайды.  Бұдан басқа да 110/10кВ қосалқы станцияларда электр энергияны алыс ара қашықтыққа жеткізу үшін «Парк Б» Бейнеу станциясында, Сам станциясында, Тұрыш станциясында, Жарқұм бекеті және Құрсай станциясында  қоректендіргіш пункттері орнатылған. Бейнеу – Тассай ауданындағы барлық қондырғылар телемеханика арқылы Маңғыстау станциясындағы диспетчерлік орталықтан басқарылады. «Тұрыш», «Сам», «Бейнеу» станцияларындағы тұрғындар 2015 жылы осы ауданға қызмет етуге жұмысқа тартылды. –Өткен жылды жақсы жетістіктермен қорытындыладық. Атап айтқанда, 2015 жылы Боржақты – Ерсай темір жол торабының құрылысы қарқынды жүргізіле бастады. Осыған байланысты бұрынғы әуе желісіне өзгерістер енгізілген болатын. Мәселен, 110кВ ӘЖ қайта жасалды екі тірек баған орнатылды. Екі бөлек біртізбекті АБ және ПЭ 10кВ ӘЖ құрылып, темір-бетонды тіректердің 728 данасы жөндеуден өтті. 87 шақырым  АС-50 маркалы сым монтаждалып, көлік жолының астымен АБ/ПЭ 10кВ КЖ 500 метрге тартылды. 2 КТСМ электрмен қамтамасыздандырылып, 4 ОМП орнатылған және Боржақты станциясы бойынша РЛНД-10 типтік ажыратқыштардың 6 данасы қондырылып, Боржақты – Ерсай станциялары бойынша КТП мен кабельдерге 4 дана РЛНД-10 типтік ажыратқыштар, Боржақты – Ерсай станцияларының әрқайсысына 2 данадан КТП, сонымен қатар 1 данадан дизель-генераторлар, осы станцияларға жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, жарық диодты шамдар әр станцияға 44 данадан жалпы 88 данасы орнатылды. АСКУЭ-ні (электроэнергияны коммерциялық есепке алудың автоматтық жүйесі)  монтаждау жүргізілді, бұрынғы қолданыстағы жүйеге біріктірілді. АБ және ПЭ 10 кВ ӘЖ ажыратқыштарын Маңғыстау станциясындағы диспетчерлік орталықтан Боржақтыны телебасқаруды монтаждау жұмыстары жүргізілді. Техникалық жағдайлар бойынша Жетібай станциясында  ПП және ТП-3-ке модернизация жұмыстары  жүргізілді. 1967 жылы пайдалануға берілген ПП, БМЗ (блоктык модульдік ғимарат) қайта жасалды. ТП-3 те  РУ-0,4 кВ-да 4 ұяшық, РУ-6кВ да 5 ұяшық, 2 трансформатор 6/0,4кВ-да 400кВа-630кВа-ға алмастырылды. 6 РЛНД-10 типтік ажыратқыштар қойылды, – дейді дистанция директоры Сұлтанбек Қунаев. 2016 жылдың бес айының қорытындысы бойынша дистанцияда көктемгі тексеру  жұмыстары жүргізілді, НОД ғимаратындағы диспетчерлік бақылау орталығымен «Тұрыш», «Құрсай» 110/10кВ қосалқы станциялары, «Тұрыш», «Парк  Б», «Сам», «Құрсай» және «Жарқұм» қоректендіргіш пункттері арасында телемеханика іске қосылды. Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясы алдын алу жөндеу жұмыстарын 2015 жылдың жоспарына сәйкес 100 пайызға орындады, атап айтқанда көктемгі және күзгі тексеру жұмыстары кезінде 818,9 шақырымдық А/Б және ПЭС желісі, 435 дана РЛНД-10 тексеріліп, 88759 дана оқшаулағыш  тазаланды және ШС-10 маркалы оқшаулағыштың 844 данасы, ағаш бағандардың 453 данасы ауыстырылды.  Атқарылған жұмыстар жаздың ыстық күндері мен қаһарлы қыстың аязында  өз нәтижесін көрсетті. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі жақсарды, АЛСН ақауы  2014 жылмен салыстырғанда  2 жағдайға, СОБ ақауы 4 жағдайға кеміді. Алдағы уақытта да берілген жоспар аясында жылу және жарық беру үшін сапалы да үздіксіз қызмет жалғасын таппақ.

      Анаргүл ЖЕКСЕМБАЙ, Маңғыстау  

Новости
05.12.2025
Столичные волонтёры ҚТЖ обеспечили 55 ветеранов углём на зимний период
Регионы
05.12.2025
В Карагандинской области модернизируют 14 объектов железнодорожной инфраструктуры
Грузовые перевозки
05.12.2025
Перевозки через стык «Достык — Алашанькоу» выросли на 6%
Новости
05.12.2025
На линию Курык – Алят в 2026 году выйдут два новых парома
Новости
05.12.2025
Новая компетенция «Управление локомотивом» представлена на чемпионате WorldSkills Kazakhstan
Новости / Архив
05.12.2025
Газета Қазақстан теміржолшысы, №101 от 05 декабря 2025 года
Новости
04.12.2025
Экспортный путь зерна до узбекской границы продемонстрировали журналистам
Новости
04.12.2025
Транзит по ТМТМ из Китая увеличился на 12%
Регионы
04.12.2025
Будни станции Арстансор: малый штат, большой участок ответственности
КТЖ в лицах
04.12.2025
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
Новости
03.12.2025
Более 1700 раз экстренно тормозили машинисты поездов в этом году
Интервью
03.12.2025
Перевозки, парк и цифровые решения: «Қазтеміртранс» подводит итоги и формирует стратегию развития до 2026 года
Пассажирские перевозки
03.12.2025
Поезд «Астана – Омск» начнет курсировать в декабре
Инфраструктура
03.12.2025
КТЖ перевыполнило план ремонта путей на 2025 год
Новости
02.12.2025
Навигационные пломбы в ЕАЭС начнут применять с февраля 2026 года
Новости
02.12.2025
Программно-аппаратный комплекс установили на автомотрисах Астанинской дистанции электроснабжения
Пассажирские перевозки
02.12.2025
ЕАЭС упростит железнодорожные пассажирские перевозки
Грузовые перевозки
02.12.2025
Перевозки грузов по сети ҚТЖ выросли до 287,8 млн тонн
Новости
02.12.2025
Порт Актау получил финансовую поддержку Европейского Союза
Новости / Архив
02.12.2025
Газета Қазақстан теміржолшысы, №100 от 02 декабря 2025 года