Алғашқы жартыжылдық қорытындыланды

Новости
28.07.2017, 10:46
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2017 жылдың І-жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы мен ІІ-жартыжылдыққа арналған міндеттерге қатысты  кеңейтілген жиында Қазақстанның транзитті-көлік әлеуетін көтеру және логистикалық жобаларды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды. Транзиттік әлеуетті арттыру бағытында  Компанияның логистика жөніндегі вице-президенті Санжар Елубаевтың айтуынша, бірінші жартыжылдықта темір жол желісінде экспорттық және импорттық тасымалдар есебінен 6,1 % өсім байқалса, транзитті тасымалға қатысты жоспар 11% немесе 894 мың тоннаға орындалмай отырған көрінеді. Жүк тасымалының төмендеуін вице-президент әлем нарығында қалыптасып отырған жағымсыз тенденциямен байланыстыра отырып, Ақтау арқылы Иранға тасымалданатын астықтың 50%-ке,  Қазақстан арқылы өтетін Өзбекстан мақтасының 2 есеге яки 44 мың тоннаға азайғанын, сонымен қатар, Өзбекстанда өз өндірісін дамыту  нәтижесінде транзиттік құрылыс материалдарының, сондай-ақ, транзиттік жүк ағынын Қазақстаннан экспортқа шығарылатын астық, цемент, қара металдармен алмастыру нәтижесінде 550 мың тонна көлемінде төмендеп кеткенін алға тартты. Мәселен, биыл алты ай ішінде, Оңтүстік Қазақстан облысындағы цемент зауытынан 190 мың тонна цемент экспортқа жөнелтілген болса, былтыр осы уақытта барлығы 10 мың тонна ғана экспортталыпты. –Біздің тарапымыздан Қазақстан аумағы арқылы өтетін темір жол магистралында бәсекеге қабілетті тариф мөлшерлемесін белгілеу бойынша комиссияның 10 отырыс өтті, онда жүктің 50 позициясына қатысты  тариф шарты қаралып, бекітілді. Соның ішінде, биыл 110 мың тонна көлемінде қосымша транзитті жүк ағынын тарту, яғни өзбек және тәжік жүк ағынын Түркіменбасшы – Алят бағдарынан Құрық – Алят маршрутына қайта бағдарлау межеленсе, ал 200 мың тонна шамасында қара металл, көмір, ағаш, астық, азық-түлік жүгін Ресейден Иранға жөнелтуде Қазақстан – Түркіменстан жаңа желісі пайдаланылуда, сонымен қатар Түркіменнен Еуропа елдеріне бағытталатын карбамидті, ал Еуропа мен Ресейден Түркіменстанға бағытталған фосфор, астықты, яғни 300 мың тонна шамасындағы жүкті  Түркіменбасшы порты арқылы, ал Еуропа мен Беларустен Ауғанстанға 200 мың тонна шамасында мұнай өнімдерін, 10 мың тонна көлемінде Қытайдан Әзербайжанға, Түркіменстанға машинақұрастыру жинақтарын, 100 мың тоннадан астам тыңайтқаштарды Ресейден Қытайға Достық-Алашаңқай шекаралық  станциясы арқылы тарту қарастырылып отыр. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның кірісін есепке ала отырып, клиенттердің өтініміне байланысты жасақтау 500 рет өзгертілді. Жалпы 900 мың тонна көлеміндегі жаңа жүк ағыны, еліміз бен аймақтардағы экономиканың оң қарқынды өсіміне қатысты болжам, сондай-ақ, дәстүрлі транзитті контейнерлік сервис ағынымен толықтыру, бізге 2017 жылы межеленген 16 млн тонна көлеміндегі тасымалды және кірісті 212 млрд теңгеге  орындауға мүмкіндік береді, – дейді Санжар Елубаев. Оның айтуынша, Транзитті дамыту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында Қытай – Еуропа – Қытай бағытындағы транзиттік тасымал қарқынын 2 еседен артық сақтап қалуға мүмкіндік берген. Ал осы жылдың соңына дейін осы қарқынды сақтап, 203 мың ЖФЭ-ге немесе өткен жыл көрсеткішінен 2 есе артық көрсеткішке қол жеткізу көзделіп отыр екен. «Бұл «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде логистикалық активтерді дамыту және трансқазақстандық бағдарлардағы сервисті арттыру бойынша қабылданған шаралардың өзектілігін көрсетеді» дейді Санжар Елубаев. Сонымен қатар Транскаспий бағдары бойынша контейнерлік тасымал көлемін арттыруға қатысты жұмыстар жүргізіліп, тұрақты жөнелтілімдер бастау алған.  Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азияға қатысты жаңа нарықты игеру барысында  Достық, Алтынкөл шекаралық темір жол станциялары арқылы тасымал өткен жылға қарағанда 2 есеге өскен. Осы арада вице-президент транзитті тасымал көлемінің өсімі бойынша мақсатты параметрлерге альтернативті бағдарлардың бар болуына байланысты жоғары бәсекелестік деңгейі жағдайында қол жеткізіліп отырғанын атап өтті. Бұдан кейін Санжар Елубаев, Қазақстан мен Қытай логистикалық инфрақұрылымын интеграциялау бағытында тындырылып шаруалармен таныстыра келіп, үстіміздегі жылдың мамырында Құрғақ порт капиталына Ляньюньган порты мен әлемнің ірі компаниялар санатындағы Cosco Shipping кіргенін, ал бұл стратегиялық серіктестік «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-дағы индустриальдық және логистикалық инфрақұрылымға инвестициялар тартуға және көлемді арттыруға серпін беретінін айтты.  –Қазіргі таңда Cosco Shipping және Ляньюньган портымен бірлесе, Құрғақ порт және Ляньюньган терминалы арқылы жүк ағынын ұлғайту бойынша одан әрмен қарай шаралар жоспары жасалып отыр, Ляньюньган әлеуетін және автомобиль, темір жол инфрақұрылым, әуедәліздерін пайдалана отырып, теңіз жолдарынан жүк ағынын құрғақ жолға бағыттау бойынша шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз,– деген вице-президент 2017 жылдың соңына дейін Ляньюньган БК 250 мың ЖФЭ контейнерді өткізуді, ал «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ порты 154 мың ЖФЭ-ні өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.   Инфрақұрылымды дамыту жобалары   Компанияда инфрақұрылымды дамыту екі бағытта жүргізіліп жатқанын атап өтті «ҚТЖ» ҰК»АҚ инфрақұрылымдық жобалар бойынша вице-президент Бауыржан Орынбасаров. Олар «Нұрлы жол» бағдарламасы және қазіргі магистральдық желіні жаңғырту шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобалар екен. –Инфрақұрылымды дамытуға басымдық беру арқылы біз оң нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. Жаңа желілер пайдалануға берілген уақыттан бері тасымал көлемі 40 млн тоннадан астам жүкті құрады, транзитті контейнерлік пойыздар өсіміне қол жеткіздік. Бүгінде Компания өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға, транзитті тасымалды дамытуға және жүрдек жолаушылар қозғалысы бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру жолында жұмыс істеп жатыр. Темір жол инфрақұрылымын жаңғырту, пайдалану, күтімін жасау бойынша процестер тиімділігін арттыру үшін тесір жол инфрақұрылымының сапасына қатысты заманауи стандарттарды енгізуді жалғастыра беру қажет деп санаймыз, сондықтан бірқатар міндеттерді шешу керек, – дейді Бауыржан Пазылбекұлы. Вице-президенттің айтуынша, бірінші кезекте ел экономикасында стратегиялық маңызы бар бірінші санаттағы телімдерге, сондай-ақ,  халықаралық дәліздерді және екінші санатқа кіретін өндірістік кәсіпорындармен байланыстыратын негізгі магистральдық желілер ге қойылатын талаптарды жіктеу үшін магистральдық желілер телімдерін санатқа бөлу үшін заңдық шартта мен негіздер жасау керек. Екіншіден, жолдың жоғарғы құрылымының барлық элементтеріне бірдей кепілді мерзімдер мен нормативті ресурстарды бекіту үшін нормативті базаны қайта қарастыру талап етілуде екен. Ол өз кезегінде жоспарлы жөндеу-жол жұмыстарының жөндеуаралық мерзімін ұлғайтуға және  жолдың жоғары құрылым элементін өндірушілерден кешенді сынақтарды өткізу арқылы жоғарыдағы талаптарды сақтауды талап етуге мүмкіндік беретінін айтады вице-президент.  Үшіншіден, ресурсын бітірген элементті алмастыруға мүмкіндік беретін инфрақұрылым нысандарын жөндеудің жаңа сұлбасын енгізу крек. Яғни диагностикалық құралдардың мәліметтерін ескере отырып, нақты жағдайына байланысты жөндеу жүргізу. Төртіншісі, магистральдық темір жол желісін темірбетонды негізге толықтай көшу. Бесіншісі, белгі беру және электрмен жабдықтау шаруашылықтары үшін жекелеген және табиғи тозған нысандар элементтерін біртіндеп алмастыра отырып, жаңғырту.  Міне, осындай міндеттерді шешуді Компания алға қойып отырғанын айта келіп, Бауыржан Орынбасаров 2025 жылға дейін Инфрақұрылым кешенінің тиімділігін арттыру бағдарламасын әзірлеп, бекіту қажеттігін атап өтті.   Сапалы жол – қауіпсіздік пен жылдамдық кепілі Магистральдық темір жол желісі нысандарын  күтімін баяндамасына арқау еткен Магистральдықт желі дирекциясының директоры Жарас Ізғұлов биыл 660 км жолды жаңғыртудан өткізу межеленіп отырғанынжеткізді. Соның ішінде биыл 317 км темір жол күрделі жөндеуден өтіп, жаңа келбетке ие болмақ. Жолдарды жаңғырту нәтижесінде 417 км жолда жолаушылар пойыздарының жылдамдығы көтерілетін болса, Тальго вагондарынан жасақталған пойыздар 227 км жолда шапшаң қозғалу мүмкіндігіне ие болмақ. Дирекция басшысы, үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында 300 км астам темір жолға жөндеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Соның ішінде, күрделі жөндеуден 73 км жол өтсе, 48 км жолға орта жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Сондай-ақ, биыл 7 мың шақырым жолға жол машиналарының  көмегіне жүгіне  отырып, жазғы жол жұмыстары жүргізілмек. Бұл арада, реьстер ажарланып, кедір-бұдырлары тегістеліп, шпалдар нығайтылып, шегеленіп, темір жол астындағы балласт төсемдері тазаланып, пойыздардың қауіпсіз қозғалысын сақтауға сәйкестенбек. Бүгінде 3,5 мың км жол жұмыстарынан өткен. – Бүгінде жыл сайын күрделі жөндеу жұмыстарын 1 000 км-дейін жеткізуге қатысты Компания басшысының тапсырмасына орай, жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп жатыр. Бұл шаралардың іске асырылуы, алдағы 4-5 жылда Қазақстан темір жолдарының толықтай темірбетонды негізге көшуіне мүмкіндік береді.сонымен қатар биыл 7 көпір  күрделі жөндеуден өтіп, 3 мың жасанды құрылыс ағымдық жөндеуден өтеді, – деп алдағы күн жоспарымен бөлісті Жарас Ізғұлов. 

Сұлугүл БАКЕСОВА

Новости
09.07.2025
Железнодорожники помогли потушить здание в жилом секторе станции Сексеул
Новости
09.07.2025
КТЖ и Китайские железные дороги подписали новое соглашение о стратегическом сотрудничестве
Пассажирские перевозки
09.07.2025
АО «Пассажирские перевозки» объявило о запуске пятого сезона туристического поезда «Jibek Joly»
Новости
09.07.2025
Контроль за безопасностью движения на подъездных путях усилили в КТЖ
Регионы
09.07.2025
Пожарный поезд станции Павлодар задействован в двух масштабных учениях
КТЖ в лицах
09.07.2025
Профессия — видеть то, что скрыто: осмотрщик Даурен Утемисов рассказал о своей работе
Новости
08.07.2025
Казахстанские железнодорожники прошли обучение в КНР
Регионы
08.07.2025
Станция Алтынколь превысила план по вагонообороту на 66%
Грузовые перевозки
08.07.2025
Экспортная погрузка угля железнодорожным транспортом достигла исторического рекорда
Пассажирские перевозки
08.07.2025
На линии «Алматы – Саратов» вышли новые пассажирские вагоны
Новости
08.07.2025
Руководство КТЖ оценило работу вокзального комплекса «Нұрлы жол»
Инфраструктура
04.07.2025
Новая щебнеочистительная машина пополнила парк КТЖ
Регионы
04.07.2025
Комплексную проверку провели на станции Сары-Озек
Инфраструктура
04.07.2025
Комплекс мероприятий КТЖ обеспечил снижение числа инцидентов
Новости
04.07.2025
Менеджер Департамента инфраструктурного развития Тулеген Утегенов помог спасти жизнь коллеге
Новости
04.07.2025
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало более 120 км путей
Новости / Архив
04.07.2025
Газета Қазақстан теміржолшысы, №51 от 04 июля 2025 года
Новости
03.07.2025
Число инцидентов на железной дороге сократилось вдвое
Новости
03.07.2025
Глава государства обозначил ключевые задачи для министра транспорта
КТЖ в лицах
03.07.2025
Ветеран железнодорожной отрасли Евгений Журавский отметил 90-летний юбилей