Нұрлы жол: жобалар – ел игілігінде
Новости
04.08.2017, 14:27
Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы ҚР Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығымен бекітілді. Бағдарлама елдің макроөңірлерін біріктіру және хаб қағидаты бойынша бірыңғай нарықты қалыптастыруға негізделген жаңа экономикалық саясатты іске асыруға бағытталған. Ең бастысы, ол экономика өсіміне жағдай жасай отырып, қазіргі бар жұмыс орындарын сақтайды және жаңа жұмыс орындарын ашуды қамтамасыз етеді, іскерлік белсенділікті, өнімділікті және елдің транзиттік әлеуетін арттырады. Жалпы алғанда бағдарлама негізгі екі блоктан тұрады. Оның біріншісі – инфрақұрылымды дамыту. Бұл блогтағы жобалар 7 бағыт бойынша өрбімек. Атап айтқанда, бірінші бағыт – көліктік-логистика инфрақұрылымын дамыту. Соның ішінде теміржол саласы мен көліктік логистикаға қатысты жобаларды іске асыруға ұлттық компаниялар қаражаты есебінен қоса қаржыландыру 19 млрд. теңгені құраса, Ұлттық қордан 75,3 млрд. теңге қаражат бөлу қарастырылған.
«Алматы – Шу» темір жолының екінші жол құрылысы
«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүзеге асырған маңызды жобалардың бірі Алматы – Шу темір жолы телімі бойынша екінші жолдар құрылысы. Бүгінгі таңда аталған телімде екінші іске қосу кешеніне қатысты жұмыстар қызу жүріп жатыр.
Алматыдан Шуға дейін салынып жатқан екінші жолдардың жалпы ұзындығы 112,37 км болса, жобаның техникалық-экономикалық негіздеме бойынша құны 38,4 млрд теңгені құрап отыр. Мамандар сөзіне сүйенсек, құрылыс жұмыстарына салған күрделі салымдар тек он бес жылдан соң қайтарылады екен. Құрылыс кезінде жасанды имараттар – су өткізетін құбырлар және көпірлер, бағыттауыш бұрмалар салынып, электр жеткізуші, СОБ және байланыс желілері жөнделді. Ең бастысы, құрылыс барысында қазақстандық өндірушілердің материалдары пайдаланылып, бірінші кезекте жолға Ақтөбе рельсарқалық зауытынан шыққан отандық рельстер төселген-ді. Соны деректерге сүйенсек, бүгінде Жиренайғыр – Қазбек-бек, Жыңғылды – Қазбек-бек, Жыңғылды – Құрқұдық, Құрқұдық – Шамалған телімдерімен қатар Жиренайғыр, Қазбек-бек, Жыңғылды станциялары және Құрқұдық разъезі тұрақты пайдалануға берілген. Қазіргі кезде екінші жолдардың жер төсемі құрылымына, су өткізу құбырларына қатысты құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатса, темір жол көпірлері толықтай дайын болған. Ал жолдың жоғарғы құрылымына қатысты жұмыстарға келсек, бүгінде 106,1 км жолға негізделген рельс-шпалды торкөздері жиналыпты, сөйтіп, жоспар 95% орындалған. Ал, межеленген 112,37 км негізгі жолдардың 100,1 километріне су жаңа рельсті-шпал торкөздері төселіп, жаңа келбетке ие болса, 35 жиынтық жаңа бағыттағыш бұрма ескілерінің орнын алмастырған. Мұнымен қатар екінші жолдардың екінші іске қосу кешені барысында 16 жекелеген пункті қайта құрылымдау қарастырылған. Бүгінде 7 жекелеген пунктке қатысты шаруалар тындырылған. Мәселен, Боралдай, Қазыбек-бек, Еспе, Кемер, Жыңғылды, Қордай, Ақсеңгір станцияларында ескі бағыттауыш бұрмалар мен жолдар бөлшектеніп алынып, оның орнына жаңалары төселіп, салынуда екен. Осыдан-ақ, екінші жолдардың салынуымен жол бойындағы бірқатар жекелеген пункттердің дамып жатқанын көресің. Алайда, жоспар бойынша қажеттілігін жоғалтқан 30 шақты блок-пост пен разъезд де жабылмақ. Қазір соның 15-нің қызметі тоқтаған. Бірақ, бөлімше басшыларының айтуынша, осы телімдерде еңбек еткен барлық жұмыскер толықтай жұмыспен қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар жолды құмды-үгіндітасты қоспамен балластау жұмыстарының 80%-ке, қиыршық тастармен балластау 75%-ке жүзеге асырылған. Сондай-ақ, айналмалы электрменжабдықтау желісі толықтай бөлшектеніп алынса, 113,016 шақырымдық байланыс сымына монтаждау жұмыстары жүргізілген. Алматы-1 – Шу теліміндегі екінші жолдардың екінші іске қосу кешені жұмыстарына 183 адам жұмылдырылып, 78 техника пайдаланылуда.
Алматы – Шу телімінде екінші жолдың салынуы, бұған дейін аталған телімде болып келген жолаушылар және жүк тасымалына қатысты күрделі мәселені біржолата шешіп, жүк айналымының өсімін 3 есеге арттырып, аталған телім бойынша жол уақытын 2 есеге қысқарта түспек. Енді Алматыдан Астанаға дейін пойыздар екі жолмен қатынауда. Бұл бірінші кезекте, жолаушылар пойызына серпін бермек. «Тальго» пойыздарының ең жоғарғы жылдамдығы 160 км/сағатқа дейін, жүк пойыздарынікі 120 км/сағатқа дейін арта түспек.
Құрық порты
«Нұрлы» жол бағдарламасы аясында салынып жатқан екінші нысан, Құрық портындағы паромдық кешен. Ол Транскаспий бағытында Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
Биыл жыл басында аталған портта паромдық іске қосу кешенінің бірінші кезегі қолданысқа берілген еді. Соның арқасында, өткен алты ай ішінде 118 кеменің кіруі жүзеге асырылып, 510 мың тонна ауыстырылып тиелген. Қазіргі кезде паромдық кешеннің автомобильге қатысты нысандары бой көтеруде. Автомобильді пирске арналған теңіз айдыны түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол жүк автокөлігін ауыстырып тиеуді қамтамасыз етпек. Сыртқы электрмен жабдықтау желісі үшін 35 км сым тартылған. Бұдан бөлек, көлік шаруашылығы мен әлеуметтік мақсаттағы нысандар салынуда.
«Құрық порты» ЖШС бас директоры Мырзабек Сақтағановтың айтуынша, бұл порт теңіз бен құрлық жолын байланыстыратын аса маңызды көлік дәлізі рөлін атқарады. Яғни, бұл жерден пароммен жөнелтілетін жүк Әзірбайжанға 18 сағатта жетеді. Ал егер жүк көліктері басқа жолдармен жүретін, бірнеше тәулік жұмсалады. Сондықтан құрылыстың екінші фазасы бітсе, жүк көлемі қазіргіден де арта түспек. Биыл бірінші жартыжылдықта 500 мың тоннаға жуық жүк жөнелтіліпті, ал жылдың аяғына дейін тағы 500 мың тонна жоспарланып отыр. Қазіргі қарқынға қарағанда одан да асып түсуі мүмкін. «Б» корпусы толық салынып біткенде, Құрық портының паромдық кешені жоба бойынша күніне 5 паромды қабылдайтын болады. Ал өз кезегінде, темір жол, теңіз порттары инфрақұрылымдарының дамуы ел экономикасының өрісіні кеңейтіп, көліктік-логистикалық әлеуетті арттыра түспек.
Астана әуежайының жаңа терминалы
«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ салған Астана әуежайы жаңа терминалының арқасында мұндағы жолаушылар өткізу қабілеті жылына 7,5 миллион адамға жеткізу көзделген.
Алғашқы рейсті Мәскеу бағыты арқылы жөнелткен жаңа терминалдың бұрынғы желіден айырмашылығы көп. Атап айтсақ, мұндағы қызмет көрсету әлдеқайда жылдамдатылған. Жеке құжаттардың жылдам тексерілуі, қол жүгін бүлінбеген қалыпта, әрі дер кезінде шығарып беру қызметтері бар. Халықаралық әуежайға қойылатын бұл талап терминалды салмас бұрын ескерілген. Соның жемісін жолаушылар бүгінде көруде. Үш жылда бой көтерген терминалдың ауданы – 47 мың шаршы метр. Ол жылына 8 миллоннан астам жолаушыға қызмет көрсете алады. Демек, әуежайдың бұған дейінгі қуаты енді 2,5 есеге артады. Енді әлемнің кез-келген жерінен аптасына жиілігі жеті рет, кез-келген әуе компаниясы Астанаға қатынай алады.
«Боржақты-Ерсай» темір жолы
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған Боржақты-Ерсай темір жол желісінің ұзындығы 15,1 шақырым. Құрылысы 2014 жылы басталған желідегі жұмыс қозғалысы 2015 жылы басталды. Елбасының тапсырмасымен Ақтау халықаралық теңіз порты уақыт талабына сай біршама кеңейтілген болатын. Бұл үшін сыйымдылығы жоғары танкерлер мен алып кемелерді қабылдай алатын Құрық портын дамыту мақсатында Ақтаудан жаңа портқа дейін «Боржақты-Ерсай» теміржолы салынды. Экономикалық тиімділігі жоғары республикалық маңызды жоба бойынша желімен қазіргі уақытта күнбе-күн жүк тасымалы жүріп жатыр. 2015 жылы Құрық портындағы паромдық кешен мен Боржақты – Ерсай теміржол желісі құрылысына 700-ден аса адам тартылды. Құрық портындағы паромдық кешенін құру Қытай – Еуропа бағыты бойынша халықаралық көлік дәлізіндегі қазақстандық бөлікті күшейту үшін маңызды. Еліміз транзиттік жүк тасымалына қызмет көрсетуде елеулі пайда табады, бұл өз кезегінде салықтық түсімдерді арттырып, бюджетті толықтырады. Сонымен бірге қазақстандық экспортшыларға өз өнімдерін Каспий аймағы елдеріне, одан әрі Батысқа тасымалдау үшін қосымша паромдық инфрақұрылым ұсынылады. Боржақты – Ерсай теміржол желісі Құрық портында салынған паромдық кешенді теміржол магистралімен қосады. Аталған жаңа бағыт жағалаудағы кеме жасау және кеме жөндеу зауыттарына, сонымен бірге металлқұрылысы зауытына көліктік қызмет көрсетуде аса маңызды.
Құрғақ порт
Қазақстан – қытай шекарасында орналасып, аймақтық көліктік-логистикалық хаб ретінде қызмет атқарып отырған «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының еуразиялық көлік жүйесі негізін қалауда маңызы зор.
Жаңа хаб арқылы Қытайдан жүк ағыны Қазақстан аумағымен Еуропа, ЕАЭО, Орталық Азия, Кавказ, Түркия және Парсы шығанағы елдеріне бағыт алады.
2016 жылы «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ның маңызды элементі болып табылатын заманауи «Құрғақ порт» құрылысы аяқталды. Ол бажсыз аймақта орналасқан, онда автожол көлігі үшін және тар табанды жолдан жүкті кең табанды жолға ауыстыратын темір жол тармағына арналған бірнеше терминал бар.
Құрғақ порт кедендік және брокерлік қызметтер, сондай-ақ, инфрақұрылым қызметтерінің басын біріктіретін «бір терезе» принципі бойынша көліктік-логистикалық қызметтердің толық тізімін жүзеге асырады. Құрғақ порт операторлары – «KTZE – Khorgos Gateway» ЖШС мен ірі порт операторы «DP World». Коммерциялық пайдалануға берілген уақыттан бері «Khorgos Gateway» тарапынан шамамен 170 тыс. ДФЭ шамасында жүк артылған. Ал 2017 жылдың соңына дейін «Қорғас – Шығыс қақпасы» 154 мың ДФЭ жүкті өңдеу жоспарланып отыр. 2020 жылға қарай тиелетін жүк көлемі шамамен 4,4 млн. тоннаны құрайды деп күтілуде.
Сұлугүл БАКЕСОВА,
Райхан РАХМЕТОВА
Новости
25.11.2024
Неизвестные похитили болты скрепления пути на перегоне Көкпекті – Нұра
Новости
25.11.2024
Около 3 тысяч раз пришлось применить экстренное торможение машинистам КТЖ в 2024 году
Регионы
25.11.2024
Тянь-шаньские ели посадили сотрудники Алматинского отделения ГП
Новости
25.11.2024
Обучение по повышению компетенций провели для работников узла Кокшетау
Регионы
25.11.2024
С выходом бродячего скота на железнодорожные пути продолжают бороться в Костанайском регионе
Спорт
25.11.2024
Команда КТЖ заняла первое место на ІХ спартакиаде «Самрук-Қазына»
Регионы
25.11.2024
Итоги работы за 10 месяцев подвели в Алматинском отделении ГП
Новости
25.11.2024
Первый контейнерный поезд отправили по обратному маршруту ТМТМ - из Баку в Сиань
Новости
25.11.2024
Новое служебное помещение для сигналистов предгорочного парка построили на станции Астана
Новости
22.11.2024
КТЖ выявило хищение дизельного топлива на 16 млн тенге в депо Бесколь
Пассажирские перевозки
22.11.2024
Нацперевозчик объявил о скидках на железнодорожные билеты
Новости
22.11.2024
Железнодорожную инфраструктуру продолжают обновлять в Акмолинском регионе
Регионы
22.11.2024
Обучение первозимников ведут на предприятиях Семейского отделения ГП
Регионы
22.11.2024
Семинар-совещание по технике безопасности провели на станции Балхаш
Новости
22.11.2024
Около сотни руководителей линейного уровня путевого хозяйства прошли обучение в Астане
Новости
22.11.2024
Вопросы в области логистики и инфраструктуры обсудили на СВМДА в Астане
Грузовые перевозки
22.11.2024
Более 160 тысяч тонн зерна погрузили в ноябре в Костанайском отделении ГП
Новости / Архив
22.11.2024
Газета «Қазақстан теміржолшысы», №99 от 22 ноября 2024 года
Регионы
21.11.2024
Директор специализированного мостового отряда Канат Карбозов стал обладателем «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының құрметті қызметкері»
Регионы
21.11.2024
Экскурсию для подростков провели на железнодорожных предприятиях станции Илецк