Жүз пайыздан кем емес
Новости
15.08.2017, 11:52
Қызылорда станциясында бөлімшедегі жүк тасымалының басым бөлігі атқарылады. Жүзге жуық теміржолшы еңбек ететін станция ұжымы шілде айында 15 вагонға 232 тонна жүк тиеп, жоспарлы межені артығымен 158,90 пайызға орындаған.
Жалпы, көрсеткіштердің қай-қайсысын алып қарасаңыз да орындалуы жүз пайыздан кем емес. 900 тонналық айлық жүктемені 13 682 тоннаға жеткізген станциялықтар жоспарды 181,6 пайызға арттырған екен. Өткен жеті ай ішінде 1499 вагонды 88 890 тонна жүкпен толтырған теміржолшылар осы аралықта 6955 вагоннан 327 332 тонна жүк түсіріпті. Жүк тиеп-түсіруден бөлек вагондардың құжаттарын рәсімдеу, құрастыру, кірме жолдарға вагондарды беріп, кері шығару жұмыстарында да көш ілгері станциялықтардың жұмысы сапалы әрі бірқалыпты өндірістік ырғақпен жүргізілуде.
Станциядан жөнелтілетін жүктің басым бөлігі өңірдегі агрошаруашылық және құрылыс серіктестіктері. Аймақтағы жүк тасымалы үдерісін арттыру мақсатында станция ұжымы теміржол қызметінің қолайлы, қауіпсіз, сенімді және қолжетімділігін клиенттеріне түсіндіру, ұйымдастыру жұмыстарын жиі жүргізеді.
Станцияның техникалық бөлімінің бас маманы Мөлдір Дәулеткелдиева ұсынған мәліметтерді таратып айтар болсақ, теміржолшылар шілде айындағы статистикалық жүктеменің 60 тн/вагон жоспарын 59 тн/вагонға жеткізіп межені 114,3 пайызға орындаған. Бір жүк айналымы операциясы кезіндегі вагонның бос тұру межесінің көрсеткіші 10,00 сағат деп белгіленсе оның орындалуы жоспары ғана орындалмағанмен өзге көрсеткіштер асыра атқарылған екен. Транзит вагондардың құжаттарын рәсімдеу кезіндегі орташа бос тұруы 5,00 ваг/сағатқа межеленсе, оның орындалу көрсеткіші 4,59 ваг/сағатқа төмендетіліп жоспар 107,62 пайыз болса, транзит вагондардың құжаттарын рәсімдемей тұру ұзақтығы белгіленген 1,00 ваг/сағ мөлшерлеме 0,89 ваг/сағатқа айналып көрсеткіш 109,00 пайызға орындалған.
Қызылорда станциясынан тиеліп-түсірілетін және транзиттік жүк ағымының кідіріссіз өтуіне 16 станциялық жол, 76 бағыттық бұрма және 46 кірме жолдармен қызмет көрсетуде.
Сабырхан НӘДІРБАЙ, Қызылорда
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова