Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Бір күн арнады
1 мин чтения
Қызылорда «Теміржол» филиалының «Жас Отан» ЖҚ белсенділері партиялық жоба аясында балалардың жазғы тынығу жұмыстарын ұйымдастыруға үлестерін қосуда.
Негізінен көп балалы және аз қамсыздандырылған, толық емес отбасынан шыққан теміржолшылардың балаларына қамқорлық жасауды қолға алған жастар балалардың жазғы демалыстарының көңілді өтуіне, олардың бір-біріне деген қамқор пейілдерін арттыра отырып, тәрбиелі азамат, болашақта теміржолшы болуға баулу, достық пен бірлікке тәрбиелеу мақсатында бір күндерін арнады. Жеткіншектер демалысы оларды депо ауласындағы аспанасты ашық мұражайы мен өткен ғасырдың басынан сыр шертетін теміржолдың тарихи орыны мұражайға апарып, ішіндегі жәдігерлермен таныстырудан басталды.
Әрі қарай балаларды қаладағы ойын-сауық орталығына апарып, ол жерде суға түсіп, ойын ойнап, жетіншектер балалықтың шад-шадыман қызығына бөленді. Теміржолшы жастардың мұндай қамқорлығына риза болған балалардың ата-аналары осыны ұйымдастырған «Теміржол» партия филиалының «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Ернар Зинуллаев пен «Жастар ісі» жөніндегі төраға Шахмардан Алмағанбетовке алғыстарын білдірді.