Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Контейнерлік пойыздар көбейді
1 мин чтения
Қызылорда бөлімшесінің шұғыл басқарушылық бөлімі мамандары өткен жылмен салыстырған бөлімшеден өткізілетін контейнерлік жүк вагондар саны артқанын мәлімдеуде.
Контейнерлік пойыздарға телімдерде құжаттар рәсімдеу жұмыстары жүк пойыздарына қарағанда практикалық тұрғыдан жүргізілсе, кестеде көрсетілмеген бекеттерде бұл пойыздар аялдамастан кідіріссіз өткізілуде екен. Бөлімше телімдерінен өткен жылдың жеті айында 566 пойыз өткізілсе, ағымдағы жылдың сәйкес мерзімінде 1014 контейнерлік пойыз жүріп өткен. Олардың тәуліктік жылдамдығы 834 км/сағат болып белгіленсе шын мәніндегі жылдамдығы 994 км/сағатқа жетіп меже 119,2 пайызды құраған. 461 пойыз Қоскөл-Сексеуіл, 285 пойыз Сексеуіл-Қоскөл, 183 пойыз Түркістан-Сексеуіл арқылы өтсе, Сексеуіл-Түркістан телімінен 85 контейнерлік құрам жүргізіліпті.
Бөлімшенің Сексеуіл-Қоскөл жаңа телімі арқылы өткен жылы басым бағытпен өткен контейнерлік пойыздар биылғы жылы Сексеуіл-Түркістан бағытына да жол салған.
-Контейнерлік пойыздар біздің бөлімшеден бекітілген кесте бойынша өткізіледі. Бұл пойызға тиелген жүктер Еуропадан Азияға немесе кері бағытта тасымалданатын болғандықтан, олардың аялдамасы тек Шиелі мен Сексеуіл станциялары ғана көрсетіліп, өзге бекеттерден кідіріссіз өткізіледі. Қазіргі таңда бөлімшеден 1014 контейнерлік пойыз өткізілді,- дейді бөлімшенің шұғыл басқарушылық бөлімінің басшысы Кенжебек Сиятұлы.