Көліктегі қоғамдық  денсаулық сақтау департаменті  Астана қалалық департаментпен бірлесе отырып, «Сенің денсаулығың –өз қолыңда» атты акция өткізді. Қаладағы №6 емхана  қызметкерлерінің  қолдауымен «Евразия-3» сауда орталығында өткен шарада департамент мамандары сауда үйінің сатушылары мен сатып алушыларын шақырып, тегін қызмет көрсетіп,  бойды, салмақты, қан қысымын, глюкоза мөлшерін және қандағы холестеринді жедел сынақтан өткізді. Сонымен қатар, осы сияқты қабылдауларды жүрек аурулары мен ісік ауруларына эндокринолог, ЖИТС орталықтарының мамандары жүргізді.    Акция аясында  «Сенің денсаулығың – өз қолыңда»  деген тақырыпты қамтитын жадынама мен ескертпе-кітапшалар таратылды. 

Төребай КЕНЖЕБАЙ