Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Ерлік емей, немене?!
1 мин чтения
Шалқар локомотив айналым депосының ұжымы машинист Қуаныш Шоқанбаев пен көмекшісі Медет Бекжановтың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға қосқан мына бір еңбегін шын мәнінде ерлік деп бағалауға тұрарлдық.
Депо басшысы Алтай Дүйсенбайдың айтуынша, локомотив бригадасы қатты желден жол үстінде құлап қалған бос контейнерлерді дер кезінде байқап, пойызды тоқтатып үлгеріп, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосқан.
«Қатты жел болғанда салмағы төрт тонналық екі контейнер вагоннан түсіп қалған. Екі контейнер де қарсы бағыттағы жолдың үстіне құлаған. Оқиға Шалқар – Сексеуіл аралығындағы Қарашоқат-79-разъезд өткелінде болған. Еліміздің өзге өңірлерінде осындай жайттар болып, пойыздар қозғалысына кедергі болған. Ал, біздің машинист пен көмекшісі мұндай жағдайды болдырмай, апаттың алдын алып отыр», – дейді депо басшысы.
Алтай Дүйсенбайдың айтуынша, бұл жайттан жоғары жақ хабардар. Елеусіз қалмас үшін екі қызметкерді де марапаттауға ұсыныс жасалыпты.