Жіңішкеде толассыз қызу тірлік...

Новости
14.07.2016, 09:35
Жас болса да, басшы болған Ықылас Абаев Жіңішке станциясын басқарады. Ақтөбе жол бөлімшесіндегі өнеркәсіптік аумақта орналасқан ондаған зауыт-цехтармен байланыс жасап, бөлімшеге қарасты техникалық тапсырманың жартысынан астамын орындап отырған Жіңішке станциясының жоспарланған көрсеткіштері, әлемді шарпыған дағдарысқа қарамастан, артығымен орындалып келеді. Оған осы өңірдегі ірі жобалардың жүзеге асырылуы, атап айтқанда, таяу маңда Ақтөбе рельс-арқалық зауытының құрылысы, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының төртінші цехының салынуы, былтыр қолданысқа берілген Шалқар – Бейнеу темір жол тармағы, еліміздің батыс өңіріндегі өзге де алып жобалар Жіңішке станциясының жұмысымен тығыз байланысты. Көбінесе, құрылыс материалдары тасымалданып жатады. Тауар көбінесе еліміздің солтүстік облыстарынан келеді. Ақтөбе ферроқорытпа зауытына шикізат жеткізіледі. Мұнда таңның атысы, күннің батысы жүк тиеліп, түсіріліп жатады. Қыж-қыж қайнаған қозғалыс. Біздің жұмысымыз таңғы 7.00-де басталады. 7-30-дар шамасында түнімен атқарылған жұмыс көрсеткіштері, еңбек қауіпсіздігінің сақталуы бойынша Ақтөбе жол бөлімшесіне есеп береміз. Селекторлық жиында тиелген жүк пен түсірілген жүктің көрсеткішін айтамыз. Содан кейін күнделікті тірлік – темір жол паркінің жұмысын қадағалау, қызметкерлермен техникалық дәрістер өткізу, техникалық қауіпсіздіктің орындалуын бақылау, тағысын тағы қарбалас жұмыстар басталады. Осындай жұмыстармен таңның атып, күннің батқанын білмей қаламыз. Бірақ, осының өзі қызық, – дейді Жіңішке стациясының бастығы Ықылас Абаев станция басын аралата жүріп. Бүгінде станцияда 107 адам жұмыс істейді. Былтыр станция қарамағына өткен Қызғалдақты станциясындағы 14 адамды және қосыңыз. Қызғалдақты демекші, ол жерде биылдан бастап, өндірістік жүк тиеліп, түсіріле бастады. Ақтөбе рельс-арқалық зауытына қажетті шикізат жеткізіле бастады. Бұрын №39 разъезд аталып келген бүгінгі Қызғалдақты станциясында жолдар саны екі есеге көбейді. Мәртебесі өзгеріп, штат саны ұлғайды. Ақпан айында ғана 149 вагон жүк түсірілген екен. Жіңішке мен Қызғалдақтының арасы шамамен 13 шақырымдай. Екі ортаны жол қылдық. Жұмыс барысын күнделікті қадағалап отыруым керек. Ұжымда бастысы ауызбіршілік қой. Сондықтан, біздікіндей жауапкершілігі жоғары станцияда көрсеткіштің жақсы болуы ұжымға да байланысты. Қызметкерлеріміздің жағдайын назардан шығармаймыз. Ұжымдық шарт талаптары орындалады. Жыл сайын курорт-санаторийлерге жолдама қарастырылған. Балаларын демалыс лагерьлеріне жібереміз. Әлеуметтік тұрғыда қолдан келгенше көмегімізді аямаймыз, – дейді станция бастығы. Ұжымға қосылған жас мамандарға аға буын білгенін үйретіп келеді. Білікті де білімді қызметкерлер тәжірибе жинақтаған соң, көбіне бөлімшеге қызмет ауыстырады. Станцияда 50-дан астам жол бар, вагондарды арнайы мекеме әрі қарай компанияларға үлестіріп отырады. Айдың басында және соңғы онкүндігінде міндетті түрде комиссиялық бақылау шаралары қолға алынады. Қыста парк қардан тазартылады. Бөгде адамдар өтпес үшін күзет қызметі бар, оның үстіне былтыр жауапкершілік күшейтілді. Айта кетейік, бүгінде станцияның вагондарды өткізу қабілеті тәулігіне 210 вагонды құрайды. 2014 жылы 6792 вагон тиелсе, былтыр 7740 вагон тиелген. Екі жыл бұрын 23 460 вагон жүк түсірілсе, өткен жылы 25 899 вагон түсіріліпті. Ықылас Абаевтың есебінше, өткен жылы шамамен 1,5 млн тонна жүк түсірілу керек болатын, алайда жоспар артығымен орындалды. Оның ішінде құрылыс материалдары 110,5 пайыз, металл сынықтары 262,2 пайыз, астық 407, мұнай 252,3 пайызға артық жеткізілген. Станция көрсеткіштеріне егжей-тегжейлі тоқталып өткен Ықылас Абаев жұмыс орындарын көрсетіп шықты. Станция кезекшісі орнында, сұрыптаушылар қызу жұмыс үстінде екен. Парк ішінде сары жилет киген пойыз құрастырушылар «башмактарын» реттестіріп жүр. Маневрлі тепловоз вагондарды оңды-солды тасымалдайды. Станция ғимараты сонау патша дәуірінде көтерілген ескі ғимарат. Жөндеуді қажет ететіні аңғарылады.

Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе

Новости
13.09.2026
Пожарные поезда КТЖ оказали помощь в тушении природных пожаров в двух регионах
Новости
12.09.2026
Пожарный поезд КТЖ привлекли для тушения степного пожара в СКО
Новости
11.09.2026
Заседание Совета ветеранов прошло в КТЖ
Новости
11.09.2026
Железнодорожники охватили акцией «Безопасный переезд» 127 переездов
Регионы
11.09.2026
Погрузка превысила 6,7 млн тонн за восемь месяцев в Акмолинском регионе
Регионы
11.09.2026
Условную аварию с утечкой серной кислоты ликвидировали на станции Караганда-Сортировочная
Регионы
11.09.2026
Железнодорожники провели профилактическую беседу со студентами Алматинского колледжа академии логистики и транспорта
Новости
11.09.2026
Мангистауское эксплуатационное вагонное депо признано «Үздік вагон депосы»
Новости
11.09.2026
Около 300 компаний примут участие в TransLogistica Kazakhstan 2026
Новости / Архив
11.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №72 от 11 сентября 2026 года
Новости
10.09.2026
КТЖ готовит железнодорожную инфраструктуру к работе в зимних условиях
Регионы
10.09.2026
Около 260 детей перевезены к местам летнего отдыха из Павлодарской области
КТЖ в лицах
10.09.2026
Более 350 лет верности: история железнодорожной династии Беркеновых
10.09.2026
КТЖ изменит тариф на передачу электрической энергии
Новости
10.09.2026
Локомотивный парк КТЖ пополнился 159 новыми локомотивами
Регионы
10.09.2026
Почти 3 км скотоизгороди установили в Костанайском регионе
Новости
09.09.2026
Пожарные поезда КТЖ оказали помощь в тушении природных пожаров в двух регионах
Регионы
09.09.2026
Профилактическую акцию «Безопасный переезд» провели в Караганде
Новости
09.09.2026
Объем перевозок по ТМТМ за 8 месяцев вырос на 22%
Инфраструктура
09.09.2026
Пост горочной автоматической централизации строят на станции Алтынколь