Қорғастың мүмкіндігімен танысты

Новости
29.08.2017, 10:00
Үстіміздегі жылдың 25 тамызында Алматы облысына жұмыс сапары аясында Татарстан республикасының президенті Рустам Минниханов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Арман Сұлтанов «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА мен «Хоргос» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығына барып, Құрғақ портты,  логистикалық және индустриалдық аймақ нысандарын аралады. «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА УК» АҚ бас директоры Мұрат Баймұханбетов мәртебелі меймандарды аймақта қалыптасып жатқан көліктік-логистикалық хабтың мүмкіндіктерімен  және оны дамытуға қатысты жобалармен таныстырды. –«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүзеге асырып отырған «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА жобасы – Жаңа Жібек жолы экономикалық белдеуін қалыптастыруға толық ықпал етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, ол Кедендік одақ елдері үшін, әрмен қарай Еуропа, ҚХР, Орталық Азия, Парсы шығанағы және өзге елдер нарығына тауарларды экспорттау үшін келешегі мол дистрибуциялық орталық ретінде қарастырылып отыр, – деп атап өтті Мұрат Баймұханбетов. Татарстан президенті Еуразиялық құрлықтың логистикалық жүйесін дамытуда «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА рөлін жоғары бағалап, дамыған инфрақұрылымы бар, бизнес пен инвесторлар үшін тартымды оның әлеуеті зор екенін атап өтті. «Бізге аталған индустриалдық аймақта сұранысқа ие болатын қандай өндірісті іске қосу керектігін зерттеу керек. Бізде бұйым-зат шығаратын полимерлік материалдар көп. Ойлану қажет», – деп өз ойымен бөлісті Рустам Минниханов. Бүгінде арнайы экономикалық аймақта инвестициялар тартуға қатысты белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Үстіміздегі жылдың басынан бері экономикалық қызмет секторын қалыптастырып отырған, яғни, өнеркәсіпті өңдеуші, құрылыс, көліктік-логистикалық қызметті жүзеге асыратын сегіз қатысушы тіркелген. Соңғы деректерге жүгінсек, бірыңғай реестрде 77 қатысушы тіркелген, соның 15-і мәлімделген жобалармен белсенді айналысуда. Өз кезегінде «Хоргос» ХШЫО» АҚ президенті Қахарман Джазин нысандарды таныстырып, Еуразиялық одақ елдерінің өкілдері пайдалана алатын ерекшеліктер, соның ішінде, Орталық аумағына тауарларды кіргізу кезінде кедендік декларацияның жоқтығынан хабардар етті. Татарстан мемлекетінің басшысымен бірге келген ресейлік кәсіпкерлер, Қытайға тауарлар тасымалдау үшін «Хоргос» ХШЫО аумағында Татарстанның сауда өкілдіктерін аша отырып, Қазақстан аумағы арқылы транзиттік бағдарларды пайдалануға қызығушылық білдірді. Рустам Миннихановтың айтуынша, аймақаралық өзараәрекеттесу ресей-қазақстан қарым-қатынасын нығайтып, іскерлік байланысты кеңейтуге және өзаратиімді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік бермек. Ресми кездесуді  «Хоргос» ХШЫО-да Татарстан күніне арналған шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен мәдени шара толықтыра түсті.

Ирина БЕКТИЯРОВА, Қорғас

Новости
21.07.2026
Единое информационное пространство ЦЖС: все корпоративные сервисы — в одном месте
Спорт
21.07.2026
Железнодорожник поднял флаг КТЖ на вершине Эльбруса
Новости
21.07.2026
Пожарный поезд КТЖ принял участие в тушении пожара в Алматы
Грузовые перевозки
21.07.2026
ТОО «КТЖ – Грузовые перевозки» продолжает обновление локомотивного парка
Новости
21.07.2026
Зампред КТЖ представил в Австрии проекты по развитию транспортных коридоров
Инфраструктура
21.07.2026
КТЖ обновило 686 км железнодорожного пути
Новости / Архив
21.07.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №55 от 21 июля 2026 года
Пассажирские перевозки
20.07.2026
Женский вагон появится в поезде Тальго №81/82 «Нурлы жол – Орал»
Инфраструктура
20.07.2026
КТЖ ускоряет строительство железнодорожной линии Дарбаза – Мактаарал
Регионы
20.07.2026
Систему Trip Optimizer внедрили в Оскеменском эксплуатационном локомотивном депо
Социум
20.07.2026
Сотрудница КТЖ создала волонтёрский проект «Аяла» для помощи недоношенным детям
Регионы
17.07.2026
Завершена реконструкция железнодорожного вокзала Жаксы
Новости
17.07.2026
КТЖ проводит республиканские акции по безопасности на железной дороге
Новости
17.07.2026
АО «Қазтеміртранс» приобретет 13 тысяч грузовых вагонов до 2032 года
Пассажирские перевозки
17.07.2026
АО «Пассажирские перевозки» получило сертификаты по четырём стандартам ISO
Интервью
17.07.2026
Порт Курык раскрывает свой потенциал как ключевое звено ТМТМ
Новости
17.07.2026
Правительство определило ключевые задачи по развитию ж/д инфраструктуры Казахстана
Новости / Архив
17.07.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №54 от 17 июля 2026 года
Новости
16.07.2026
Руководство Дирекции магистральной сети оценило ход реконструкции вокзала в Аркалыке
Новости
16.07.2026
Пожарные поезда КТЖ участвовали в ликвидации степных пожаров в Акмолинской и Павлодарской областях