Жоғары технологияға бетбұрыс – уақыт талабы
Новости
05.09.2017, 12:14
Қазір әлем бойынша дигитализация, яғни ақпаратты сандық форматқа көшіру, автоматтандыру және блокчейн, көлік саласын, соның қатарында темір жолды дамытудың негізгі тренді және бағыты болып табылып отыр.
Жоғары технологиялар нарығындағы көшбасшылар бұл шаруаға белсене кірісіп кетсе, енді біреулері өздерінің әзірлемелерін енгізіп, уақыт көшінен қалмауға әрекет етуде. Темір жол көлігінде ше, инновациялар белсенділігі қай деңгейде?
Жалпы, соңғы бірнеше жылдан бері темір жол көлігі жүк айналымында өзінің үлесін жоғалта бастағаны байқалуда. Әрине, оның өзіндік объективті және субъективті себеп-салдары, бірнеше факторы бар. Айталық, тек бізде емес, жалпы дүние жүзінде бәсекелестіктің артуы, мұнайдың құбыр тасымалына көшуі, мемлекет тарапынан бөлінген ауқымды инвестициялар арқасында автомобиль көлігі инфрақұрылымының жағдайы жақсарып, сервис деңгейінің артуы тағысын тағылар теміржол көлігін пайдаланушылар санын азайтқаны анық. Сол себепті бірқатар Еуропа елдері темір жолмен тасымалданатын жүк тасымалына мемлекеттік қаржылық демеу жасап, автокөлік жүгінің бір бөлігін экологиялық таза темір жол көлігіне көшіруге ынталандыратын, сол арқылы автомагистральда жүктемені азайтуға ықпал ететін арнайы бағдарламалар қабылдауда.
Ал Қазақстан темір жолына келетін болсақ, ол бұл бағытта бұрын-соңды игерілмеген телімін тауып алды, ол Қытай – Еуропа және Солтүстік – Оңтүстік бағытындағы құрлықтық транзиттік тасымалдар. Компания бұл бағыттардан үлкен әлеуетті көре отырып, аталған транзитті игерумен шектеліп қалмады, сондай-ақ, оны дамытуға мейлінше жағдай жасауда.
Алайда, интернет, ақпаратты коммуникациялық және бұлттық технологиялар, сандық платформалар мен инновациялар кең тарап жатқан мына заманда, сауда тәсілдері, тұтынушылық артықшылықтар, талаптар мен күтілімдер түбегейлі өзгеруде. Мәселен, бүгінде Еуропа тұтынушысы Азияның интернет дүкенінен сатып алған тауарының 5-6 күн ішінде қолында болғанын қалайды, оның ішінде жөнелтуге және тауарды алуға кеткен уақыт бар, сондықтан ол талапты орындау үшін орташа жылдамдық бүгінгі 1150-1200 км/тәулікті емес, 2500-3000 км/тәулікті құрауы тиіс.
Ал бұл өз кезегінде көлік сервисі және институциональдық орта, инфрақұрылым деңгейінің сапалы өзгеруін талап етеді. Бұл жерде кедендік ресімдеулерді, халықаралық тасымалдарды ұйымдастыру мен логистикадағы құзіреттілікті, жүк жеткізудің барлық тізбегінде жүкті бақылау және қадағалау мүмкіндігін институциональдық ортаны өзгерту, сандық платформаны құру арқылы шешуге болатын болса, ал инфрақұрылым мен жылжымалы құрам бойынша шектеу бар. Сондықтан трансқұрлықтық тасымалды әрі қарай дамыту үшін инфрақұрылымның техникалық және жүрдектік сапасына түбегейлі жаңа тәсілдеме және жылжымалы құрамның жаңа түріне әзірлеме керек деп ұйғарым жасаған ҚТЖ мамандары Мәскеу – Қазан бағытында жоғары жылдамдықты желі құрылысын зерттеп, Ресей темір жолдары тарапынан жасалған Жоғары жылдамдықты жүк магистралы тұжырымдамасын қолдап отыр. Бәлкім, келешекте бұл жоба біздің елімізде де жүзеге асырылуы ғажап емес. Олай дейтініміз, мұндай магистральды Қазақстан аумағы арқылы Пекинге дейін жалғастыру мүмкіндігі сарапқа салынуда екен.
Тартым қызметінде – озық жүйелер
Қазіргі таңда ҚТЖ-да ресуржинақтау мақсатында енгізілген озық технологияның біріне «Энергодиспетчерлік тартым» автоматтандырылған басқару жүйесін атар едік. «ҚТЖ» ҰК»АҚ филиалы Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясының директоры Серік Төлебаевтың айтуынша, ол пойыздар тартымына кететін отын-энергетикалық ресурстар шығынын есепке алу, бақылау жүргізу, сондай-ақ, энергияжинақтау тұрғысынан тартымдық қызметті басқару мақсатында енгізілген. Бұл жүйені «Эволюшн» локомотивтерінен көре аламыз. Сала мамандары сөзіне сүйенсек, осы жоба шеңберінде отын-энергетикамен жабдықтайтын барлық аспектілерді жоспарлау, бақылау және бағалау, қала берді отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну және сатып алуды оңтайландыру, шығыны бойынша автоматтандырылған есеп жүргізуді қолдану әдістемелері жасалып, локомотивтер отынның тығыздығын, температурасын және деңгейін өлшейтін құрылғылармен, қозғалтқыш айналымы және GSM/GPS/ГЛОНАС датчиктерімен жарақтандырылған. Сонымен қатар пилоттық режимде 100-ден астам локомотив автоматты белгі берудің диагностикалау модульімен жарақтандырылған. Бұл жобаның жүзеге асырылуы, белгілі бір уақыт аралығында, яғни ауысымдық және күнтізбелік уақытта дизель отынының шығыны мен қалдығын нақты және дәл есептеуге мұрсат береді, сондай-ақ, тепловоз бен электровоздың түрлі жұмыс тәртібі барысында нормативтік мәнімен бірге дизель отынының немесе электр энергиясының нақты шығынын салыстыруға, бақылауға, қала берді түрлі жұмыс режимінде отын шығыны мәліметтері негізінде тепловоздардың отын аппаратурасына жанама диагностика жүргізуге мүмкіндік беруде.
Сандық сервис – қауіпсіздік кепілі
Қазақстан темір жолының бүгінде жүргізіп отырған жемісті жұмыстарының біріне, E-LTE базасында өнімділігі жоғары және сенімді телекоммуникациялық ортаны қалыптастыру бағытындағы еңбекті атар едік. «Бұл жұмыстар еліміздің бүкіл темір жол желісін сандық сервиспен қамтуға мүмкіндік беріп, өз кезегінде жабдықтың істен шығуын азайтып, қауіпсіздігін арттырмақ. Сайып келгенде, біз Internet of Things (интернет заттар) енгізу үшін өзіміздің инфрақұрылымды қалыптастырамыз» деп атап өткен болатын ҚТЖ вице-президенті Санжар Елубаев сандық сервиске қатысты өткен бір жиында.
Қазір тасымал нарығында бәсекелестіктің күшейіп, қызған шағы. Жасыратыны жоқ, бүгінде автожол тасымалы темір жол көлігінің клиенттерін өзіне тартып алуда. Уақыт талабына қарай клиенттер нақты бір көлік түріне «байланып» қалған емес. Сондықтан темір жол компанияларына интеллектуальды көлік жүйелерін пайдалана отырып, авто, әуе және теңіз бағдарларымен бірге қауымдастықта жұмыс істеу қажеттігі туындап отыр. Бұл жүйелер, өз кезегінде үлкен көлемдегі деректерді өңдеп және де оңтайлы бағдарларды ұсынуы тиіс.
Сандық сервистердің маңызды рөлін жолаушылар тасымалынан да байқауға болады, өйткені сандық сервис есіктен есікке дейін қызмет көрсетуді жоспарлауға мүмкіндік беруі тиіс, яғни такси шақырту, жүк тасушы, тіркеу, жол үстіндегі көңіл сергітер қызмет, тамаққа тапсырыс, қонақүй брондау, тағысын тағылар. Қазір осы бағытта жолаушылар тасымалын ұйымдастырушы компаниялар тарапынан біраз жұмыстың жасалып жатқаны да шындық.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова