Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жастардың тренингі - Сыр елінде
1 мин чтения
Қызылорда заң және гуманитарлық колледжінде Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты темір жол мекемелері жастарының инновациялық-танымдық форумы басталды.
Биылғы жастар жиынына аймақтағы темір жол саласында жұмыс жасайтын 30 жасқа дейінгі қызметкерлер бас қосып, «Менеджмент жобасы» және «Болашақ басқарушылардың» аймақтық тренингі тақырыбы өзекті болуда. Теміржолшы жастардың бас қосуына Түркістан мен Қоскөл станциялары арасындағы телімдерден 80-нен аса жас теміржолшылар қатысуда.
Жастар жиынының ашылу салтанатында «ҚТЖ»ҰК»АҚ-ның адам ресустары департаменті менеджері Назира Қуандыққызы Бердібекова мен Ұлттық компанияның жастар қанаты төрағасы Дархан Бейбітұлы Матаев, Аймақтық теміржолшы ардагерлер кеңесі төрағасы Қазбек Рахметов, «Нұр Отан» партиясының «Теміржол» филиалы төрағасы орынбасары Базара Танбаевалар қонақ ретінде қатысып, Ұлттық компания тарапынан теміржолшы жастарды қолдау жасалып, олардың болашақ басшы басқарушылар болып қалыптасуына жағдай жасап отырған бірегей компания екендігін білдіріп, форумға қатысушыларды жігерлендіріп белсене жұмыс жасауға шақырды.
«Менеджмент жобасы» және «Болашақ басқарушылардың» аймақтық тренингі қатысушылары саланатты рәсімнен кейін 5-6 топқа бөлініп арнайы дәріскер-тәлімгерлердің жетекшілігімен аудиториялық тренингтік дәріске кірісіп кетті. Жастар форумы ертең әрі қарай жалғасын табады. Ұлттық компанияның жастарды басшылыққа, тың идеяларын жүзеге асыруына қолдау жасау мақсатында ұйымдастырылған осындай тренинг, басқосулардың берері мол. Оған бүгінгі басқосу куә.