Білімді арттыру – уақыт талабы

Новости
18.07.2016, 12:19

Бауыржан.К.-Атырау - копия

Атырау  локомотив пайдалану депосының машинисі  Бауыржан Қалдыбаев бірден  темір тұлпарды тізгіндей қойған жоқ. Бірнеше жыл тәжірибе жинақтады.  Әскери борышын өтеп келген жас маман алдымен тепловоз машинисі көмекшісі қызметін атқарды.  Көп жылғы абыройлы еңбегінің өтеуіне «Құрметті теміржолшы» атағын алды. Бүгінде ол жас мамандарға бағыт-бағдар берген тәлімгер ұстаз.  

80 жылдар алып саланың қарқынды дамуды бастан өткеріп, жаңа бағытта темір жол табандарының төселіп, теміржолшы мамандардың дайындалуына аса көңіл бөлінген уақыт болатын. Әрі  темір жол ең  тұрақты, қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы орасан зор әлеуетке ие сала болды. Сондықтан болар,  мектептен соң жастар темір жол саласына ешбір насихатсыз-ақ оқып, ағылып жатты. Сол жастардың қатарындағы Бауыржан Қалдыбаев машинист болып тепловоздың тізгінін 1985 жылы ұстады.  «Атырау – Ганюшкино – Құлсары» бағыттарында жүретін жолаушылар пойызын тізгіндеген ағамыз еңбек жолында әріптестері секілді жауапкершілікті жұмысты ыждағатты атқара білді. Машинистің міндеті пойызды уақытында діттеген жеріне жеткізіп, оның қауіпсіздігін тексеріп, қайтадан жол сапарға шығу болса, осы қызметтің бәрін де Бауыржан ағамыз аса жауапты, ұқыпты атқара білді. Жыл сайын оның есімі ұжым алдында аталып, сала мамандарына берілетін арнаулы дипломдар мен алғыс хаттар табыс етілді. –Машинист болғанымды мақтан тұтамын. Еңбек жолын бірге бастаған жігіттердің бәрімен әлі күнге дейін қатар келе жатырмыз. Бәріміз бір үйдің балаларындай болып, жұмыстан тыс уақытта және өзара теміржолшылар арасында спартакиада өткенде футболды серік етеміз. Заман ағымына қарай бір-бірімізбен әлі күнге дейін тәжірибе алмасудамыз. Заманауи техникалардың қолданысқа берілуі, оны меңгерудегі ерекшеліктер бізден ізденіс, терең білім талап етеді. Оны игеру жолында қателікке ұрынбауымыз керек. Мені ойландыратыны, жастардың темір жол саласына келуден қашқақтауы.  Айтатын уәждері, темір жол саласындағы аса ұқыптылық пен зор жауапкершілік жүгін арқалау оңай емес. Бірақ көз қорқақ, қол батыр деген бар. Талап пен талпыныс, еңбек пен білім ұштастыра отырып, барлық қиындықты жеңіп шығуға болады, – деп жастарға ақыл-кеңес береді жас машинистердің ұстазы Бауыржан Қалдыбаев.  

Нарғыз ҒАБДУЛЛИНА, Атырау

Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова