Машинажасау саласы: индустияландырудың жаңа дәуіріне қадам

Новости
03.10.2017, 11:00
Елордада өткен Қазақстан машинажасаушылардың  V форумы «Қазақстанды жаңа индустрияландыру: жоғары технологиялы машинажасау саласы» деген тақырыпқа арналып, тек машинажасаушылар арасындағы әріптестікті ғана қамтып қоймай, мемлекеттік, коммерциялық, академиялық ортаны жинап, ассоциациялар мен даму институттарын да тарта білді. Мемлекет басшысының қолдауымен Үкімет биыл бесінші жыл отандық машинажасаушылар үшін аталмыш форумды өткізіп келеді. Биылғы бес жылдық мерейтойлық форумға әлемнің 17 елінен 700-ден астам делегат қатысты.  Сонымен қатар, ұйымдастырушылар атап өткендей, биылғы форум машинажасау саласының мемлекеттік сатып алу, өнімді өткізу, жергілікті үлес, техникалық қайта қарулану, қаржылық қолдау шаралары, техникалық реттеу, кадрлық қамту мен заңнаманы жетілдіру сынды ең түйінді де маңызды мәселелер талқыланған  жаңа форматта өтуде. Сондай-ақ, бүгінгі форумның ерекшелігін айқындайтын тағы бір нәрсе Индустрии 4.0. енгізу мәселесіне арнайы секция арналуы болды. Форумның ашылуына орай Елбасының арнайы құттықтауын Үкіметбасының бірінші орынбасары Асқар Мамин оқып берді. –Құрметті форумға қатысушылар, сіздірді Қазақстан машинажасаушыларының V форумының ашылуымен құттықтаймын. Өткен жылдар ішінде форум өзін машинажасау саласының актуалды мәселелері бойынша пайдалы пікір алмасу жүзеге асатын тиімді сұхбат алаңы ретінде таныта білді, – деп келтірген Асқар Маминнің сөзінен Елбасы қуатты да жоғары өнімді машинажасау саласын құру ел дамуының басым бағыттарының бірі ретінде бағалайтыны белгілі болды. Сонымен қатар, Елбасы мемлекет машинажасау саласына жан-жақты қолдау білдіріп, стратегиялық инвесторлар мен ауқымды инновациялық жобаларды енгізу үшін барлық қажетті жағдай жасалатынын жеткізді.  Қазақстан машинажасаушылар одағы басқарма төрағасы Мейрам Пшембаев өз сөзінде өтіп жатқан бүгінгі форум, бірінші кезекте технологиялық жаңғырту, инновациялық және сұранысқа ие тауарларды шығаруға басымдық беру мақсатын алға қоятынын жеткізді. Сонымен қатар ол кез-келген цифрлық өнім машинажасау саласына қатысты екенін де атап өтті. ҚР инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек өз сөзінде Мемлекет басшысының саясаты мен қолдауының нәтижесінде нарықтағы алмағайып жағдайларға қарамастан отандық машинажасауда айтарлықтай алға жылжу бар екенін атап өтті. –2017 жылдың жеті айында машинажасаудың табиғи көлемінің өсім индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3% құрады, – деді министр. Ол сондай-ақ, уақыт бір орында тұрмайтыны, бұл саланың бүгінгі күн тәртібінде – кезекті жаңа жобалар мен ғаламдық салалық трансформация екеніне тоқталды. Айталық, KPMG халықаралық консалтингтік және аудиторлық жүйе мәліметіне сай, әлемдегі ірі машинажасаушы корпорациялар арасында 25% дейін  инвестициялары – өндірістің аддитивтік технологиясында, «жасанды интеллект» және когнитивтік компьютерлік әзірлеуде дегенді айтты министр. Аталған трендтің ерекшелігі оларды енгізу жылдамдығы мен таратылуында болып табылады екен. Сонымен қатар, спикер теміржол машинажасау саласын дамытудың маңыздылығы мен олардың әлемдік брендке айналған танымал комапниялармен әріптестігін жоғары бағалады. Айтса айтқандай, бүгінгі таңда теміржол машинажасау саласы өнім өндіру көлемі мен түрін жылдан жылға дамытумен ақтар арттырып, ал қазақстандық үлес көлемін ұлғайтып отырғаны белгілі. Соған сай ішкі нарықты ғана қамтамасыз етіп қоймай, экспортқа да жөнелте бастады. Демек, мемлекеттің машинажасау саласын дамытуға қолдау жасауы – өз жемісін беруде деп түйіндеуге болады.

Асель ШАЙХЫНОВА

Новости
16.04.2026
Семинар по мобилографии для молодых железнодорожников прошел в Астане
Регионы
15.04.2026
Пожарно-тактические учения прошли на станции Костанай
Новости
15.04.2026
Казахстан и Турция обсудили развитие торгово-экономического сотрудничества
Новости
15.04.2026
Круглый стол по вопросам финансовой грамотности прошел на вокзале «Нұрлы жол»
Регионы
15.04.2026
Карагандинские железнодорожники напоминают школьникам о правилах безопасности вблизи ж/д пути
Новости
15.04.2026
Ряд правонарушений на объектах ж/д транспорта пресекли сотрудники ВЖДО
Регионы
15.04.2026
Учебно-показательный комиссионный осмотр железнодорожной инфраструктуры провели в Илецке
Регионы
15.04.2026
Около 16,6 км железнодорожных путей капитально отремонтируют в Алматинском регионе
Новости
15.04.2026
Общий объем перевезенных грузов увеличился на 8% — Минтранс
Новости
14.04.2026
Премьер-министр поручил ускорить модернизацию портовой инфраструктуры Актау и Курык
Новости
14.04.2026
Новая путевая техника пополнила парк КТЖ
Новости
14.04.2026
О создании безопасных и комфортных условий труда для сотрудников рассказали в Дирекции магистральной сети
Новости
14.04.2026
Меры по наращиванию транзитных объемов до 55 млн тонн рассмотрели в Минтрансе
Новости / Инфографика
14.04.2026
КТЖ внедряет новые логистические решения для повышения скорости перевозок на ТМТМ
Регионы
14.04.2026
Весенний комиссионный осмотр участка по ремонту контейнеров завершен в Туркестане
Новости / Архив
14.04.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №28 от 14 апреля 2026 года
Грузовые перевозки
13.04.2026
Объем железнодорожных перевозок между Казахстаном и странами Центральной Азии вырос на 34%
Новости
13.04.2026
Транзитно-транспортное развитие обсудили в правительстве
В мире
13.04.2026
Рекордное число поездов Китай-Европа проследовало через Демонстрационную зону Китай-ШОС в Циндао
Спорт
13.04.2026
Акмолинские железнодорожники приняли участие в акции «Здоровье для всех!»