Ерман Әбдиев, Жамбыл
Қарттарым аман-сау жүрші...
1 мин чтения
Қарттар күніне орай ЖТ-Жамбыл жол бөлімшесі ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен керемет кеш өтті.
Сала ардагерлерінің басын қосқан шарада сөз алған бөлімше жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағымбек Ақшалов замандастарын құттықтап, мықты денсаулық тіледі. «Біз сіздердің әрбір талап-тілектеріңізді орындауға дайынбыз. Тіпті, қажет болған жағдайда керекті мекемелерге де жеткізіп, жергілікті биліктің де назарын аударып отырмыз», – деді Сағымбек Әділбекұлы.
Сондай-ақ, кеш барысында Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су жолы қызметкерлерінің кәсіби одағы Жамбыл филиалының төрағасы Жұман Сәменов және ардагерлер кеңесі төрағасының Шу аймағы бойынша орынбасары Тұрсынбай Халық игі тілектерін жеткізіп, ардагерлерді құттықтады. Қарияларға арналып ақ дастархан жайылып, ән мен жырдан шашу шашылды. Аға буын өкілдері жастық шақтарын еске алып, өздері де ән салып, көңіл көтерді. Мереке құрметіне қарттарға әлеуметтік пакеттер таратылып берілді.