Магистральдық желі: Көктемгі байқау мәресіне жетті
Мамырдың бесінде Магистральдық желі дирекциясының барлық филиалында магистральдық желі нысандарына жүргізілген көктемгі комиссиялық байқау аяқталды. Оның қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға қатысты шаралар легі түзіліпті.
Дирекция басшылығы алға тартқан мәліметтерге жүгінсек, көктемгі байқау барысында 21 мың негізгі жол, 6,5 мың шақырым станциялық жол, 11,9 мың түйіспесіз жол, 19 мың бағыттағыш бұрма және өзге де нысандар тексеріліп, 163 мың кем-кетік табылған, соның 53 пайыздан астамы жойылса, қазір де олқылықтың орнын толтыру жұмыстары жалғасуда екен. Ал еңбек қорғау және қауіпсіздікке қатысты 4 мыңнан астам кемшілік анықталған, бүгінде оның 67 пайыздан астамы жойылыпты.
Үстіміздегі жылы 341,4 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізу қарастырылған. Соның 240 шақырымнан астамы «Теміржол жөндеу» және «Компания «Жол жөндеуші» кәсіпорындарының қатысуы арқылы мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын болса, 100-ге жуық шақырым жолға жөндеу Ағадыр машиналандырылған жол дистанциясының күшімен жүргізілмек. Осы арада, атап өтерлігі, шаруашылық тәсілмен жүргізілетін жөндеу жұмыстары барысында Ақтөбе рельс-арқалық зауытынан шыққан отандық рельстер қолданылатын болады.
Күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлау барысында АСУ «Магистраль» мобильді кешенімен жолдың жоғарғы құрылымына жүргізілген диагностика қорытындылары есепке алынды. Нақтырақ айтсақ, 126 шақырым жол мобильді диагностикалық кешен деректері бойынша жоспарланды. Күнделікті және апталық қажеттіліктер бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу ережелеріне сәйкес, күрделі жөндеу жүргізу үшін 182 мың жаңа темір-бетонды шпал және оларға бекітпелерді жеткізу межеленіп отыр. Бүгін орта жөндеу жұмыстары басталды. Үстіміздегі жылы 300 шақырым жолды аталған жөндеу түрінен өткізбекпіз. Бұл жұмыстарды орындау үшін 9 мың ағаш шпал және 20 мың текше метр шағыл тас дайын тұр, – деген дирекция директорының бірінші орынбасары Қайырбай Орынбаев, рельс бунақтары мен ескі-жарамды рельстерді алмастыру бойынша жұмыстар жүріп жатқанын да атап өтті.
Оның айтуынша, дәл бүгінде 35 шақырым рельс бунағы мен 10 шақырым рельс ескі-жарамдыларымен айырбасталған. Бұл жұмыстарды тамыз айында толық аяқтап бітіру көзделуде екен. Ал алдағы шіліңгір шілдеде темір жол бойында жұмыс көрігі қыза түспек. Өйткені, 94 шақырымдық жол бойына көлемі 13,9 мың тоннаны құрайтын, Ақтөбе рельс-арқалық зауытынан шыққан су жаңа рельстер төселіп, ескілерінің орнын алмастыратын болады.
Қазір жол техникаларын пайдалану арқылы жазғы жол жұмыстарының жүріп жатқаны белгілі. Бұл жұмыстардың оңтүстікте басталғанына екі айдан асты. Бүгінде 3,5 мың шақырымнан астам жол, машиналардың көмегімен жаңа келбетке ие болғанын айтады жол шаруашылығы мамандары. Мысалы, RM машиналарымен төрт айда 65 шақырым жер төсемі сауықтырылып, жоспар 59 пайызға асыра орындалса, Дуомат кешендерімен 1213 шақырым жол жөнделіп, «Атлас» рельсажарлағыш пойыздарымен 1839 шақырым рельс әрленген. Сондай-ақ, 381 шақырым жол түзетіліп, жоспар 17 пайызға асыра орындалыпты.
Бұл жұмыстардың бәрі пойыздардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жүргізілуде. Ал көктемгі комиссиялық байқау, ол жаз маусымына қандай күйде жетіп отырғанымызды анықтап, олқылықтар орнын уақытылы толтырып, кемшіліктерді түзетуге бағытталған маңызды шара. Көктемгі байқау мен жоспарлы жұмыстар қорытындысы бойынша берілген 210 ескертудің өткен аптада 33-і түзетілді. Жыл басынан бері нұсқаулық кесте бойынша 5346 «толаскез» өткізілді. Дирекция филиалдарында барлық жұмыс жоспарға сай жүргізілуде, – деп түйіндеді сөзін дирекция басшының бірінші орынбасары Қайырбай Орынбаев.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ