Алтынкөл станциясында «Сервистік қызмет көрсету» орталығы ашылды. «Бір терезе» принципі бойынша қызмет көрсететін орталықтың ашылуы шекаралық станция үшін аса маңызды. Станция теміржолшыларымен қатар кедендік және фитосанитарлық бақылау, шекаралық-ветеринарлық және санитралық-карантиндік бақылау постының қызметкерлері орталықтың ашылу салтанатына қатысып, бұл – клиенттер құжатымен жұмыс процесін айтарлықтай жеңілдетіп, барлық процедуралар уақытын да едәуір қысқартып, сонысымен станция жұмысының тиімділігін арттыратынын сервистік қызмет деп бағалады. –Мұндай жаңалық жүкті тұтынушыларға жеткізу процесін айтарлықтай жылдамдатады. Айталық, Қытайдан келген әр пойызда тауарлардың құжаты ілесе жүреді. Әрі қарай ол құжаттар осы «Сервистік қызмет орталығына» түсіп, оны кедендік және шекаралық пост, фитосанитарлық қызмет сатнция қызметкерлерімен бірге өңдеуден өткізеді. Ендігі жерде осының бәрі бір жерде яғни осы орталықта жасалады, клиенттер анда-мында жүгірмейді, – деп мәлімет берді станция бастығы Жандос Ұнтақбаев. Сервистік қызмет орталығы Алтынкөл станциясының аумағында, кіші кеңсе ғимаратында орналасқан, бұл клиенттер үшін де, шекаралық бекеттегі барлық салалық қызметтер үшін де қолайлы болып табылады.

Елена ҚОЛДАСБАЕВА, Алтынкөл