Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Ойнаймын деп от басты
1 мин чтения
Теміржол аумағының қауіпті екені күніне жүз рет қайталанып айтылса да жол бойында қайғылы оқиға азаймай отыр.
Жақында станция маңында ойнап жүрген 11 жасар бала вагонның үстіне шығып ойнамақ болады да, тоқ қуаты оны әудем жерге лақтырып жіберген.
Шымкент станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінің инспекторы Аида Мақашеваның айтуынша, тоқ соққан бала сол мезет ауруханаға жеткізілгенімен, араға апта салып көз жұмған. Осыдан кейін теміржолшылар тағы да мектеп оқушыларына түсіндіру шараларын қолға алып, жол бойында орналасқан мектептерге соғып, жеткіншектерді сақтандырып қайтты. Жыл басында тағы бір оқушы ойнаймын деп вагонның төбесіне шығып, денесі жартылай күйіп әзер аман қалған еді. Енді міне, тағы қайталанып отыр.