Локомотившілердің үздік ұжымы

Новости
14.11.2017, 15:06
Орынбор – Ташкент темір жолының салынып бітуіне байланысты іргетасы 1904 жылы қаланған Қызылорда локомотив депосы ғасырдан да ұзақ уақыт ішінде талай тар жол, тайғақ кешуді бастан кешті. Бірақ, ешқашан абыройлы даңқына дақ түсірген емес. Бүгінде  «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның  филиалы ретінде Шиелі мен Қазалы станцияларында айналым деполары біріктіріліп «Қызылорда пайдалану локомотив депосы» деген атпен аймақтағы іргелі, тарихи депо тағы бір құрылымдық өзгеріске ұшырады. Локомотившілер ұжымына көп жылдан бері  Құрметті теміржолшы Жұлдызбай Мұсаев басшылық жасап келеді. Депо ұжымы ғасырдан аса тарихында талай өндірістік жетістіктерге жетіп келеді.  Оның бәрін тізбелемей-ақ соңғы жылдағы  жетістіктеріне тоқталсақ.  Мәселен 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда пайдалану локомотив депосы «Локомотив» АҚ филиалдары арасында 2-орын иеленіп, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ тарапынан барлық қызметкерлеріне 2 АЕК көлемінде сыйақы берілді.  Өткен жылдан бастап депоның тепловоз машинистері салалық зейнетке 57 жастан шыға бастады. Ал ағымдағы жылды да жақсы жетістіктермен бастаған ынтымағы жарасқан машинистер ұжымы локомотивтерді көктемгі байқаудан өткізу нәтижесі бойынша 3-жүлделі орынға иеленген. Және де осы жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысшылардың еңбек жалақысы 5 пайызға өскен. Бүгінде 876 теміржолшы еңбек ететін Қызылорда локомотив пайдалану депосында 314 тепловоз машинисі, 324 машинист көмекшісі бар,  олардың қатарында 1-ші санатты машинист – 27,  жүзден астамы 2-ші,  150-дей  3-класты машинистер. Ұжым қозғалыс қауіпсіздігін сақтау, локомотив паркінің техникалық талапқа сай жұмыс жасауын қамтамасыз ету, жұмыс көлеміне қарай локомотивті тиянақты пайдалануға дайындау, тасымал үдерісін білікті локомотив бригадаларымен қамтамасыз ету секілді жұмыстарды аса жауапты орындауға дағдыланған. Сонымен қатар локомотив шаруашылығына қатысты ішкі-сыртқы жұмыстары да назардан тыс қалмайды. Депода 50 тепловоз бар. 35 тепловоз магистральдық, 15 тепловоз  маневрлік жұмыстарды атқарады. Сұранысқа сай бір секциялы ТЭ33А сериялы отандық «Эволюшн», маневрлік қозғалысқа ТЭМ2 тепловозы, жүк және жолаушылар тасымалына екі секциялы 2ТЭ10МК сериялы тепловоздар пайдаланылуда. Қызмет көрсету телімі 628 км құрайтын депо тепловоздары Шиелі – Қызылорда – Қазалы – Сексеуіл станциялары арасында жүк және жолаушылар пойыздарына қызмет көрсетеді. Талап, Жаңақорған, Шиелі, Белкөл, Қызылорда, Тереңөзек, Жалағаш, Төретам, Қазалы секілді станцияларда маневрлік жұмыстарды қамтамасыз етеді. Барлық тепловоздарға АСУ-ЭДТ бағдарламасы қондырылып тепловоздардың барлық мәліметтері көрсетіліп тұрады. Сонымен қоса «Rems» бағдарламасы да енгізілген. Бұл бағдарламада тепловоздардың дизель-генераторының айналымы, жанар-жағармай шығыны көрсетіліп тұрады және тепловоздың қай жерде жүргенін бақылап отыруға мүмкіндік бар. Жыл басынан бергі 10 айда 11468,584 мың тон.км.брутто межесі 11783,480 мың тонна км.брутто көлемінде атқарылып, жоспар 102,75 пайызға орындалған. Бұл көрсеткіш жүк тасымалы жұмысының азаюына байланысты өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 4,16 пайызға артқан. Техникалық жылдамдықтың 54,23 км/сағ жоспары 54,39 км/сағатқа өсіп, меже 100,29 пайыз, локомотивтердің орташа тәуліктік өнімділігінің 2875,13 мың тонна-км брутто көрсеткіші 2866,65 мың тонна-км бруттоға жетіп, жоспар 101,19 пайызға орындалды, – деп мәлімет берді депо басшысы Жұлдызбай Ақпанұлы. Өңірдегі дизель отыны күшімен тартым күші қолданылатын кәсіпорынның бірі ретінде халықаралық және отандық стандарттардың талаптарын орындау –бүгінгі күннің басты талабы. Осыған сай депоның жауапты мамандары арнайы курстарда білімін жетілдіріп отырады. Халықаралық стандарттардың ISO 9001:2016. «Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар», ISO 14001:2016 «Экологиялық менеджмент жүйесі», OHSAS 18001:2016 «Менеджмент жүйесінде кәсіби қауіпсіздік және денсаулық», ISO 50001:2016 «Энергоменеджмент жүйесі» стандарттары депо өміріне етене еніп осы стандарттардың талаптарын орындауға күш салып жұмыс жасап келсе, биылдан бастап Корпоративті стандарт жүйесі енгізілуде. Бұл стандарттардың жан-жақтылығы, ерекшеліктері ескеріліп пайдаланылуда. Өндірістік сапаны жетілдіре отырып үнемдеп жұмсау қағидасын қатаң ұстануда. Локомотив шаруашылығының  қысқа дайындығын шыңдаған күзгі комиссиялық тексеру аймақта 1 қыркүйек пен 31 қазан аралығында  жүргізілді. Бұл мақсатты тексеруде мекемелердің қысқа дайындығын назарға алынып, техникалық талаптардың орындалуы қадағаланды, санитарлық нормалар, өрт қауіпсіздігі, жұмыс орындарының жайына дейін тексеруден өткізілді. Депо шаруашылығында локомотивтердің маусымдық жанар-жағар майларының уақытылы ауыстырылуы тексеріліп, суық ауа райынан қозғалысқа кері әсері болатын кедергілердің алдын-алу шаралары жасалды. Қазан айының 27-де ТЭ33А сериялы – 14,ТЭМ2-ден 13 және 2ТЭ10МК сериялы 14 тепловоз комиссиялық тексеруден жоғары деңгейде өткізіліп болды. Тепловоздар қыс айларында жұмыс жасауға сақадай сай деген қорытынды алды. Сондай-ақ, локомотившілердің жұмыс орны, оның өндірісте қолданатын құрал-саймандарының жай-күйі, т.б. түгел  комиссия назарынан тыс қалмады.  Қазіргі таңда атқарылған жұмыстардың есебі цифрлы және электронды форматқа көшірілуде. 2017 жылдың 1-наурызынан бастап шұғыл техникалық есептеу орталығы маршруттарды электронды есептеуге көшкен. Қағазды маршруттар есептен шығарылуда. Тепловоздардың дербес есептік шоттары компьютерге енгізілуде, бұрын ол қолмен есептелініп келген болатын. Локомотившілерге  барлық қолайлы жұмыс жағдайы жасалған.  Кабинеттер заман талабына сай техника-құрылғылармен жабдықталған, тепловоздар уақытылы жоспарлы жөндеуден өтуде. Мамандардың кәсіби біліктілігін жоғарылату ұдайы назарда.  Депоға 2005 жылы келген Әлімжан Балмағамбетов бүгінгі таңда жолаушылар тасымалында 2-класты машинист. Өз ісіне алғыр, кәсіби шеберлігі өзгелерге үлгі болған Әлімжан 2007 жылдан машинист көмекшісі, ал 2015 жылдан екінші класты машинист болып еңбек етуде.  Өткен ғасырда атам Ахмет паровоз айдаған екен. Онан кейін алтын бау үзіліп кетсе керек, сол жолды өзім жалғастырып, атам еңбек еткен  жерде  жұмыс жасағаныма іштей ризамын. Біздің машинистерге  барлық қажетті мүмкіндіктер жасалуда. Шиелі, Қазалы және Қызылорда станцияларында машинистер демалатын орталықтарда  барлық жағдай жасалған. Рейсте жүрген немесе келген машинистер бригадасының демалып тынығуына толық  мүмкіндік бар. Қажетті маусымдық киімдер, қорғаныш жақпа майлар беріледі. Жұмысқа шығар алдында дәрігерлік тексеруден өту қатаң бақыланады, – дейді депо басшылығына  ризашылығын жасырмаған Әлімжан Балмағамбетов. Іргелі мекеменің ауласынан қай кезде де құлақ құрышын қандырып  «Қазақ радиосы» сөйлеп тұрады. Биік орналасқан дауыс зорайтқыштан төгілген ән мен күй, әсем әуенге үйренгені сонша, локомотившілер радио жұмыс жасамай үнсіз қалса жұмыс істей алмай қалдық деп шағымданады екен. Радионы күнделікті «Қазақ радиосы» диапозонымен сөйлету депоның техбөлім басшысы Сұлтанбай Боқаевтың құзырында екен. Жұмысқа ертелеп келе салып алдымен радионы қосатын Сұлтанбай одан кейін ғана күнделікті құжаттарды ретке келтіруге  кірісетін көрінеді. Машинистер ұжымы болған соң, басты назар олардың біліктілігін жетілдіруге аударылады.  Жыл басынан бері аптаның ішінде арнайы техникалық сабақты машинист-нұсқаушылар, арнайы құзырет берілген инженер мамандар өткізеді. Машинистердің білімі мен тәжірибесі, біліктілігі бекітілген комиссия мүшелерінің тексеруіне салынып, олардың қорытындысымен локомотив бригадалары жасақталады. Заманауи техникалардың өндіріске енгізілуіне байланысты техникалық кабинеттер арнайы видео, аудио құрылғылармен жабдықталған. Қандай да бір орын алған жағдайдан машинистердің бәрі хабардар болуы үшін осы құрылғыларға жазылып алынған таспалар түсіріліп, талқыға салынып түсіндіріледі. Ауысымнан оралған машинист бригадаларына да осындай таспалар арнайы көрсетіліп, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шаралары пысықталып отырады. Өзімізден бөлек машинистер мен машинист көмекшілері Астана, Ақтөбе қалаларындағы орталықтарда арнайы біліктілігін көтеру, білімін шыңдау курстарына жіберіліп отырады.  Мәселен биыл  5 тепловоз машинисі, 4 инженер-техник қызметкерлер біліктілігін арттыру курстарын оқып келді, – дейді Ж. Мұсаев. Депо бастығының айтуынша, локомотившілер ұжымының әлеуметтік  мәселелеріне де қолдан келгенше қолдау жасалып отыр. Мәселен жыл басынан бері депода жалпы шаруашылық шығысынан әлеуметтік төлемдерге 129 565 мың теңге көлемінде қаражат бөлініп, оның 141 769 мыңы жұмсалды. Бұл қаржы ұжым мүшелері мен олардың отбасы мүшелерінің ем-домы, машинистердің тісін емдетіп, протездеуге,  денсаулығын сауықтыруға, балалардың жазғы сауықтыру лагерьлеріне жұмсалған. 

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Грузовые перевозки
26.11.2024
Минтранс: объем грузоперевозок вырос на 3,5% в Казахстане
Новости
26.11.2024
Более 1600 договоров с отечественными производителями заключило КТЖ в 2024 году
Инфраструктура
26.11.2024
Ремонтные работы железных дорог завершили на 96% в Казахстане
Грузовые перевозки
26.11.2024
Годовой план по сдаче грузов через Достык – Алашанькоу выполнили досрочно
Пассажирские перевозки
26.11.2024
Нацперевозчик напомнил правила использования стоп-крана в пассажирских вагонах
Новости
26.11.2024
Развитие ТМТМ обсудили в Стамбуле
Инфраструктура
26.11.2024
Инфраструктуру железных дорог продолжают улучшать в Павлодарском отделении магистральной сети
Новости / Архив
26.11.2024
Газета «Қазақстан теміржолшысы», №100 от 26 ноября 2024 года
Новости
25.11.2024
Неизвестные похитили болты скрепления пути на перегоне Көкпекті – Нұра
Новости
25.11.2024
Около 3 тысяч раз пришлось применить экстренное торможение машинистам КТЖ в 2024 году
Регионы
25.11.2024
Тянь-шаньские ели посадили сотрудники Алматинского отделения ГП
Новости
25.11.2024
Обучение по повышению компетенций провели для работников узла Кокшетау
Регионы
25.11.2024
С выходом бродячего скота на железнодорожные пути продолжают бороться в Костанайском регионе
Спорт
25.11.2024
Команда КТЖ заняла первое место на ІХ спартакиаде «Самрук-Қазына»
Регионы
25.11.2024
Итоги работы за 10 месяцев подвели в Алматинском отделении ГП
Новости
25.11.2024
Первый контейнерный поезд отправили по обратному маршруту ТМТМ - из Баку в Сиань
Новости
25.11.2024
Новое служебное помещение для сигналистов предгорочного парка построили на станции Астана
Новости
22.11.2024
КТЖ выявило хищение дизельного топлива на 16 млн тенге в депо Бесколь
Пассажирские перевозки
22.11.2024
Нацперевозчик объявил о скидках на железнодорожные билеты
Новости
22.11.2024
Железнодорожную инфраструктуру продолжают обновлять в Акмолинском регионе