Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Күрес жалғасуда
1 мин чтения
Ақтөбе жол дистанциясының мәліметтеріне қарағанда, жыл басталғалы теміржол бойында үш бөгде адам көз жұмған. Екеуі мас күйінде жолдың үстімен жүрсе, біреуі суицид жасаған.
Ақтөбе жол дистанциясының еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері Бақытқали Аманғалиевтің айтуынша, бөгде адамдарды теміржолдан сақтандыру үшін жыл он екі ай күресіп келеді. "Баспасөз құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарымен қатар, оқу орындарының оқушыларымен және студенттерімен, жол бойына жақын маңдағы үйлердің тұрғындарымен кездесулер өткізіп келеміз. Көліктегі тәртіп сақшылары, жергілікті билік өкілдерімен тығыз байланыс орнатып, бірлесе жұмыс жасап келеміз", – дейді жетекші инженер.
Бақытқали Аманғалиевтің айтуынша, теміржолшыларды алаңдатып отырған екі жол телімі бар. Бірі Ақтөбе, екіншісі Жіңішке өткелі.
Бір айта кетерлігі, жол бойына қоршау тұрғызылғалы адам өлімі азайған, алайда, оны бұзып, рұқсат етілмеген жерлермен өту жайттары әлі де азаймаған, сондай-ақ ұялы телефонға құлаққап жалғап алып, құлағын бітеп алып жүретіндер де азайғаны байқалған.