Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Дөңгелек үстіндегі қабылдау
1 мин чтения
Соңғы кездері теміржол аумағында арнайы темекі тартатын орын бар. Жолаушылар мен шығарып салушылар арасында бейәдеп сөз айтылып, болмашыға тартыса кететін қылықтар да тыйылған.
Оның бәрі темір жол, вокзал аумағында қоғамдық тәртіпті орнату үшін «Мүлдем төзбеушілік» қағидасы бйоынша іс-шара ұйымдастырып жүрген тәртіп сақшыларының еңбегі дейді білетіндер. Аталған акция қарашаның ортасында тағы үш күнге жалғасты. Осы мақсатта тәптіп сақшылары Шымкенттен Арысқа дейін №379 «Алматы – Орал» пойызына отырып, жолаушылармен «Дөңгелек үстінде қабылдау» өткізді. Көпшілік жерде темекі тартып, былапыт сөз айтып, жұртшылықтың мазасын алғандар «Мүлдем төзбеушілік» қағидасы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны ескертілді. Қоғамдық орында дауыс көтеріп сөйлеп, жұрттың мазасын алудың өзі – әкімшілік құқық-бұзушылық болып табылатыны ескертілді. Тәртіп сақшылары сонымен қатар, вагонның ішінде заңсыз сауда жасап жүрген саудагерлерге де осындай шара көрсетілетінін ескертті.
Қайтарда Ақтөбе – Алматы пойызына отырған полиция қызметкерлері жоғарыдағы мәселені батыстық жолаушыларға да ескертіп шықты. Оған қоса өз заттарына ие болу, қараусыз тастап кетпеу, пойыздан түскенде асығыстықпен ауыстырып алмауды тағы қайталады.