«Continental Logistics – Шымкент» – көліктік кешен несімен құнды?

Новости
15.12.2017, 12:10
«Оңтүстік» көліктік-логистикалық аймағындағы «Continental Logistics – Шымкент» ЖШС құрылысы әне-міне аяқталуға жақын. Оңтүстіке ғана емес, республика бойынша бірегей жоба саналатын кешеннің құрылымдық жүйесі мен ерекшелігі қандай болмақ, жалпы көліктік кешен несімен құнды, таратып көрелік.        Осыдан бірнеше жыл бұрын «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ОҚО әкімдігі тарапынан 92 гектар жер бөлініп, 7 жобаның негізі қаланған болатын. Оның екеуі аяқталып, бүгінде ол нысандарда жұмыс жүріп жатыр. Ал  35 гектар аумақты алып жатқан көліктік кешен – «Continental Logistics – Шымкент» ЖШС желтоқсанда ашылып, әне-міне іске қосылады деп күтілуде. Аталған құрылыстың жоба жетекшісі Диас Ермекбаевтың айтуынша, негізгі жұмыс аяқталған. Алайда, әлі де атқарылатын ұсақ-түйек шаруалары жетеді.  – «Көліктік-логистика аумағы» компаниясының жалпы инвестиция көлемі 15 млрд  800 млн теңгені құрайды. Осында кеден, санитарлық қызмет, басқа да тексеруші және қадағалаушы органдар  «бір терезе» қағидасымен барлық қызмет түрін  көрсетеді. Қазіргі таңда қоймалар жеке инвесторлардың есебінен салынуда. Бизнес жоспар бойынша бүгінде 1 теңге бюджеттік инвестицияға 15 теңге қайтарым болып отыр. Яғни, біздің инвестицияларымыз толық өтелуде. Жаңадан соғылып жатқан  кешендерге тауар айналымы жеткілікті болатындықтан, 3-4 жылда кеткен шығын толық өтеледі деген сенімдеміз. Оңтүстік Қазақстаннан бөлек, Жамбыл облысы мен Алматы қаласындағы сауда-саттықта тауар айналымын жақсы жүзеге асырған компания басшылары біздің кешенге орналасуға ниет білдіруде. Себебі, бұл сауда орталығы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің бойында жатыр, бұл кешеннің құндылығы мен ерекшелігінің бірі, – дейді «Көліктік-логистикалық аймағы» ЖШС  бас директоры Ерғали Бектаев.   «Continental Logistics – Шымкент» ЖШС құрылымдық жүйесін тарқатып айтар болсақ, климатты қойманың аумағы 12 300, құрғақ қойма 12 400, әкімшілік нысанның аумағы 2700 шаршы метр. Қоймалардың сыртқы пішіні 75 х 150 метрді құраса, ішкі көлемі 72 х 144 метрге жетеді. Мұндай «А» және «Б» класты әлемдік деңгейдегі қоймалар Еуропаның бірқатар елдерінде, атап айтсақ Германия, Италия, Ресейде қолға алынған. Оңтүстіктегі қоймалар ресейлік стандартпен салынған. Климаттық қойма тоңазытқыш,  мұздатқыш сынды жекелеген камераларға бөлінген. Қабырғалары ыстық-суыққа төзімді, еденнің астынан жылыту жүйелері салынған. Жеміс-жидек, ет, сүт сынды тез бұзылатын өнімдер осында сақталады. Ал бірқалыпты температурада тұратын құрғақ қойманың іші ашық. Кітапханадағыдай қатар-қатар сөрелер қойылыпты, оған ұзақ мерзімге шыдайтын ауыл шаруашылық тауарлары, тұрмыстық техникамен қатар  ұзақ сақталатын химиялық заттар  тұрады. Құрғақ қойманың зат қоятын бөлігі жіңішке сымдармен қоршалса, тауарды өткізетін жерде кедендік бақылау бекеті жұмыс істемек. Қоймаларға заттарды жоғары көтеріп-түсіретін арнайы техникалық жабдықтар сатып алынып, жұмысшылар үшін қол күшін азайтады. Келген-кеткен жүк көлеміне есеп-қисап жасау үшін, шағын қызмет көрсететін кеңселер қарастырылған.  Көліктер жүк қорабына  затты оңай тиеу мақсатында қойма ішінен 1,5 метр кірме жолдар белгіленген. Қойманың бергі бөлігінен тауарлар автокөлікке тиелсе, екінші бөлігінде вагондар темір жолмен тасымалданады. Жаңбырлы-қарлы күндері кедергі болмас үшін, шағын кірме жолдардың төбесінен жабық-шатыр тұрғызылған.  Екі қоймада да төтенше жағдай орын алса қажет болатын жабдықтар, ауа желдеткіш пен сыртқы есік қақпалары талапқа сай. Құрылысы толықтай біткен контейнерлік алаңның аумағы 2,3 гектарға созылған. Инженерлік және кәріз жүйелерінің жұмысы аяқталыпты.        Бүгінде 20 мың шаршы метрлік  92 х162 көлемдегі контейнерлік алаң толық  бетондалған. Әуелде 15 мың шаршы метр болып белгіленген осы алаңға сұраныс жоғары болғандықтан, құрылыстың екінші кезеңінде үлкейту жоспарланыпты. Алаңның төбесі ашық болып, алдымен тұтас айналасы, сосын ішінен бірнеше бөліктерге бөлініп қоршалады. Одан соң, жауында су жиналмас үшін айналасынан арық-атыздар қазылады. Алаңда жүк айналымы іске қосылғанда контейнерлер 8 қатарға дейін бірінің үстіне бірі жиналып тұрмақ. Қазір мұнда контейнерлерді көтеретін австралиялық «Феррари» техникасының корпусы әкелінген. Көлемі 12, биіктігі 6 метр болатын бұл контейнер жинағыштың барлық қондырғылары құрастырылса  салмағы 70 тоннаға жетпек. 50 тонналық контейнерлерді еркін көтеріп 20 метрге дейін созылып қатарларға кезекпен қоятын алып техника Қазақстанда бірінші рет қолданысқа берілуде. Оның қасына жанынан және ортасынан 50 тонналық жүкті көтеріп жылжытатын  австриядан шыққан соңғы үлгідегі айыр ашалы (козловой) кран да сатып алынған. Келешекте нағыз қарбалас жұмыс осы контейнерлік алаңда жүреді. Құрылыс бітіп, 2 қойма іске қосылғанда жүк айналымы жылына 1 млн тоннаға жетсе, жобадағы 4 қойма жұмыс істегенде жүк айналымы 2 млн тоннаға дейін артады деген болжам шындыққа әбден жанасады.         Теміржол арқылы тасымаланданатын жүктер үшін Черноводск бекеті мен екі ортада теміржол тартылған. Бүгінде іштегі жол төселуде екен. Автожол мен жаяу жүргіншілердің жолы  дайын. Жарық шамдары да түгел орналастырылып, әкімшілік ғимарат нысанының құрылысы да аяқталған. Ертең жұмыс жүргенде орталық кедендік құжаттандыру бөлімі осы ғимаратқа қоныстанбақ. Орталық іске қосылғанда Черновод станциясының жұмыс ауқымы кеңейіп,  қосымша кассир, құжат реттейтін мамандар жұмысқа алынып, күніне орта есеппен 50 вагон жүк жөнелтетіні  болжануда.             Ал, жалпы айтар болсақ, мұндай аса ауқымды, жан-жақты жабдықталған кешен тек Қазақстан ғана емес, Орта Азияда таңдаулы болмақ. Және оның халық тығыз орналасқан, тоғыз жолдың торабы Оңтүстікте салынуы да тек тиімділік әкелмек. Облыс орталығындағы бұл алып кешенннен бөлек, аграрлық сектор қатты дамыған, диқаншылық дарыған өңірде  болашақта бірнеше сауда және логистика орталықтары бой көтеріп, логистика тармақтары  дамитыны белгілі болып отыр. Мысалы, Түркістанда   ашылатын  сауда кешеніне Түркістан ауданымен қатар, Кентау, Бәйдібек, Отырар аудандарынан келген өнімдер жиналып,  жылына ең кемі 50 тонна көкөніс жеткізіліп, сұрыпталып  көрші Қызылорда, Ақтөбемен қатар батыстағы  облыстарына таратылады деп жоспарланған. Сонымен қатар, Мақтаарал және Шардара аудандарында өсетін бақша дақылдарын сақтайтын құрғақ қойма Жетісай қаласының шетінен бой көтермек.  Облыс мен республиканың да көп аймағына  жаз бойы осы екі ауданда пісетін бақша дақылдары таратылмақ. Ендігі жерде шалғайдағы шаруа ағайын өнімін өткізуді уайымдамай, өздерінде салынатын кешенге өткізетін болады. Әрі осында ұзақ уақытқа сақтайтын қоймалар да тұрғызылмақ. Барлық өңімдер осында сұрыпталып, аймақтарға таратылатын болады.

Динара БАЛҚЫБЕКОВА,  Шымкент 

Новости
09.01.2026
Плановую диагностику контактной сети провели в КТЖ
Новости
09.01.2026
Инновации, рост и устойчивость: итоги 2025 года подвели в КТЖ
Новости
09.01.2026
Центр цифрового развития транспортной логистики появится в Казахстане
Новости / Архив
09.01.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №1 от 09 января 2026 года
Грузовые перевозки
08.01.2026
Перевозки зерна по сети КТЖ выросли на 30% в 2025 году
Новости
08.01.2026
Транспортная полиция выявила почти 90 тысяч правонарушений в 2025 году
Новости
08.01.2026
Дирекция магистральной сети передала на вторичную переработку почти 42 тонны отходов
Пассажирские перевозки
06.01.2026
КТЖ добавил 17 дополнительных прицепных вагонов к стандартным поездам
Пассажирские перевозки
06.01.2026
КТЖ организует дополнительные электропоезда из-за ограничений движения на автодорогах
Новости
06.01.2026
Санитарно-бытовые условия работников улучшают в КТЖ
Новости
06.01.2026
Парк путевого хозяйства КТЖ пополнился современной техникой
Новости
05.01.2026
Касым-Жомарт Токаев: Казахстан намерен стать транспортным хабом Евразии
Регионы
05.01.2026
Алматинская дистанция электроснабжения КТЖ получила сертификат доверия по охране труда
Спорт
05.01.2026
Турнир по бильярду среди железнодорожников прошёл в Астане
Регионы
05.01.2026
Путейцев с самым высоким уровнем мастерства назвали в ПЧ-38
Новости
05.01.2026
КТЖ и КазМунайГаз перешли на автоматизированный обмен данными
Инфраструктура
04.01.2026
Умную систему диагностики вагонов KinetiX тестируют на станции Астана
Инфраструктура
03.01.2026
Реконструкция 3 вокзалов в Северо-Казахстанской области подходит к завершению
Пассажирские перевозки
31.12.2025
Железная дорога будет работать в штатном режиме в новогодние праздники
Новости
31.12.2025
Оразгали Ахметбаев поздравил коллег и ветеранов железнодорожного транспорта с наступающим Новым годом