Пойыз құрастырудың шебері

Новости
15.12.2017, 16:50
Жүз жылдан аса тарихы бар Семей станциясында теміржолдың «майын ішкен» майталман мамандар жеткілікті. Солардың арасында отыз жылдан аса пойыз құрастырушы болып еңбек етіп келе жатқан  Мұхтар Рысақовты өз ісінің нағыз шебері деп бекер дәріптемесе керек.   Әдетте  үй салудың шебері немесе домбыра жасаудың шебері дегендей теңеулерді естіп жүрміз, ал біздің кейіпкеріміз пойыз құрастырудың шебері. Станция жолдарына келіп-кетіп жатқан сансыз көп құрамаларды сорттап, топтап бір-біріне  байлап немесе ажыратып, жан-жаққа аттанатын пойыздарды құрастырудың қаншалықты қиын да күрделі және қауіпті жұмыс екенін осы кәсіпке отыз жылын арнаған кәнігі маман ғана айта алар.  Бүгінде 55 жасқа келген жігіт ағасы Семей теміржолының мақтанышына айналып отыр. Аягөз өңірінің тумасы есею кезеңін Түрксіб дәуірінде іргесін қалаған атақты Таңсық станциясында өткізді. Шойынжол саласының қара нары атанып, ұзақ жылдар станция бастығы болған нағашы атасы Қадыр Гильмутдинұлының қолында тәрбие алған жігіт  Жаңасемейдегі теміржол мектеп-интернатында оқыды. Ал  мектеп бітіргеннен кейін нағашы атасының батасын алып, Алматыға аттанып, теміржол техникумына оқуға түседі. 1981 жылы оқу бітіріп келіп, Семей станциясына бағыттамалы бұрма кезекшісі болып жұмысқа орналасқан 19 жастағы өрімдей жігіттің алдында  қауырт та, күрделі еңбек жолы тұрды.  Мұхтар Алтайұлы қозғалыс шаруашылығында ұзақ жылдар бойы табан аудармай еңбек еткен кәсіби мамандардың бірі. Станция қызметінің «отымен кіріп, күлімен шығып» жүрген бүгінгі жігіт ағасы 1985 жылы пойыз құрастырушы болып ауысып, күні бүгінге дейін еңбек етіп келеді. Бүгінде күрделі еңбек процесін тұла бойымен сезіне алатын, білімі мен білігі толысқан нағыз маман деңгейіне көтерілген. Соның жарқын айғағы болар, Мұхтар Рысақов еңбек ететін ауысым жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде. Мәселен, 2009 жылы статистикалық көрсеткіш 101 пайызға жетті. Жұмыс паркінің көрсеткіші 119,7 пайызды, өңделген транзиттік вагондар іркілісі 104 пайызды, ал жергілікті вагондар кідірісі 101 пайызды көрсетті. Жалпы, пойыздарды еш іркіліссіз, өз уақытында жолға шығаруда Мұхтар Алтайұлының жетістігін станция бойынша ешкім қайталамапты. Сондай-ақ, пойыз және маневрлік қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда да осы уақытқа дейін еш мүлт кетпеген. Нағыз шебер осындай-ақ болар! –Мұхтар Алтайұлының нағыз маман ретіндегі басты жетістігі – стандартты емес ситуацияларда шебер әрекет ете білуі дер едім. Оның тәжірибемен қалыптасқан бұл қабілеті сан мәрте пойыз қозғалысы қауіпсіздігін бұзу фактілерінің алдын алып, тіпті, тосын жағдайлардан сақтап қалды десек те болады. Еш ақаулық жіберместен, технологиялық қауіпсіздікті мүлтіксіз сақтай отырып еңбек етіп жүрген сауатты маман ретінде ұжымы да аса жоғары бағалайды, – деп пікір білдірді мақтаулы маман жайлы Семей станциясының бастығы Ғабит Есқожанов.

Қуаныш Қожаев, Семей

Новости
12.09.2026
Пожарный поезд КТЖ привлекли для тушения степного пожара в СКО
Новости
11.09.2026
Заседание Совета ветеранов прошло в КТЖ
Новости
11.09.2026
Железнодорожники охватили акцией «Безопасный переезд» 127 переездов
Регионы
11.09.2026
Погрузка превысила 6,7 млн тонн за восемь месяцев в Акмолинском регионе
Регионы
11.09.2026
Условную аварию с утечкой серной кислоты ликвидировали на станции Караганда-Сортировочная
Регионы
11.09.2026
Железнодорожники провели профилактическую беседу со студентами Алматинского колледжа академии логистики и транспорта
Новости
11.09.2026
Мангистауское эксплуатационное вагонное депо признано «Үздік вагон депосы»
Новости
11.09.2026
Около 300 компаний примут участие в TransLogistica Kazakhstan 2026
Новости / Архив
11.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №72 от 11 сентября 2026 года
Новости
10.09.2026
КТЖ готовит железнодорожную инфраструктуру к работе в зимних условиях
Регионы
10.09.2026
Около 260 детей перевезены к местам летнего отдыха из Павлодарской области
КТЖ в лицах
10.09.2026
Более 350 лет верности: история железнодорожной династии Беркеновых
10.09.2026
КТЖ изменит тариф на передачу электрической энергии
Новости
10.09.2026
Локомотивный парк КТЖ пополнился 159 новыми локомотивами
Регионы
10.09.2026
Почти 3 км скотоизгороди установили в Костанайском регионе
Новости
09.09.2026
Пожарные поезда КТЖ оказали помощь в тушении природных пожаров в двух регионах
Регионы
09.09.2026
Профилактическую акцию «Безопасный переезд» провели в Караганде
Новости
09.09.2026
Объем перевозок по ТМТМ за 8 месяцев вырос на 22%
Инфраструктура
09.09.2026
Пост горочной автоматической централизации строят на станции Алтынколь
Регионы
09.09.2026
Железнодорожники и полиция провели рейды на ж/д переездах