Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Тасымалға кедергі – транзитжол
1 мин чтения
Жетісай – Мақтаарал аралығындағы жүк тасымалын арттыруға бірден-бір кедергі – ортада өзбек темір жолының жатқандығы болуда.
«Жүк тасымалы Шымкент бөлімшесі» филиалыдиректорының орынбасары Ералы Дербісбеков екі ортаға жүктер бұрынғы жолмен тиеліп-түсіріліп жатқанын түсіндіргенмен, әзірге кедергіні жоюға қолдан келер айланың жоқтығын айтуда.
–Егер бізден Мақтааралға қатынайтын тікелей жол болса, тасымалды арттыру жеңілдеу болар еді. Ал бүгінде Жетісайдан Шымкентке темір жолмен жүк тиеп келу үшін ортадағы 50 шақырымдай Өзбекстан темір жолына транзиттік тасымал үшін ақы төлеу керек. Тіке өз шекарамыздың ішінен жаңа жол тарту мәселесі әлі Ұлттық компания басшылығы тарапынан талқыға түспеді. Тек, облыс әкімдері екі ортаға тура жол тартса, оның тиімділігі қаншалықты болатынын сұрағаны бар,-дейді.
Аймақтың ең үлкен жүгі – мақта. Өткен жылдың алты айында аталған өңірден 125 вагонға 8 мың тонна ақ алтын тиелсе, биылғы жартыжылдықта 97 вагонға 6 мың тоннасы тиеліп, осы жолмен тасымалданған. Биылғы мақтаның аз тиелуі жол қиындықтан бөлек, АҚШ долларының түскендігінен, тапсырыстың азайғанымен байланысты болуда.