Байланыссыз басқару жоқ

Новости
24.12.2017, 16:38
Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясына барғанымызда,  бөлім басшыларының директор Әкімжан Қосановтың  таңертеңгілік жоспарлы жиынынан шығып, тәуліктік жүктемелерін орындауға асығыс кірісіп жатқанының үстінен түстік. Дистанцияның бір сәттік тынысына куә болып, олардың жұмыс орындарын аралап, байланысшылармен жақын танысуға басшылық келісімін алдық. Байқағанымыз, олардың әрқайсысы өз міндеттеріне қызу кірісіп кеткен, тіпті, сөйлесуге уақыттарының жоқтығын аңғартты. Бізге өндірістік оқу шебері жол бастап, дистанция тынысымен таныстырды. Сонымен алғаш  болып дистанцияның техникалық бөліміне кіргенімізде, осы бөлімнің қызметкері Рахым Нұрымбетов пен Әйділда Оспановтың дистанцияны қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету барысын ақылдасып отырғанына куә болдық.   Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының техникалық бөлім басшысы Ақшагүл Күрбенова белгі дистанциялықтардың он ай ішінде атқарған жұмыстары жайлы мәлімет ұсынды. Мекеме қызметкерлері  күнделікті жұмысын кәсіби дәрежеде атқарып пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтауға үлес қосып он ай ішінде пойыздық және маневрлік жұмыс кезінде ақау жібермеген. Алайда өткен жылы 8 рет байланыс құрылғыларының жұмыстан тыс қалуы орын алса, биыл 9 мәрте болып көрсеткіш бір ретке артып отыр екен. –Біздің дистанция теміржолшылары он айда қолданыстағы СОБ, байланыс, пойыздық радиобайланыс және КТСМ құрылғыларының жұмысында ақау жібермей СОБ, байланыс, пойыздық радиобайланыс, КТСМ құрылғыларымен өткен жылы 172078 пойызды бақылаудан өткізіп 60 құрамды тоқтатса, биылғы он айда 173835 пойызды бақылап оның ішінен 45 жылжымалы құрамдарды тоқтатып тексеруден өткізіп, тоқтатылу кінәратын 100 пайыз анықтаған. Тоқтатылған пойыздардың ішінде 18 пойыз букстың қызуынан, 25 пойыз тежегіштің ақауынан, 1 пойыз локомотивтің қызуынан тоқтатылып тексеріс кезінде кінәрат 100 пайыз дәлелденсе, кінәратына байланысты 4 вагон құрамнан ажыратылды,-дейді техбөлім басшысы Ақшагүл Күрбенова. Дистанция еңбеккерлері қазан айында және он ай бойынша СОБ және байланыс құрылғыларына күнделікті күтім жасап, құрылғылардың жұмыстан тыс қалмауын қадағалауда, алайда кішігірім кемшіліктер қолданыстағы ескірген байланыс технологияларының кінәратынан орын алуына соқтыруда. Мәселен аталған мерзім ішінде жылжымалы құрамдардың жүйесін тексеретін УКСПС, пойыз вагондарының көлемін бақылайтын КГУ құрылғыларында жұмыстан тыс қалу орын алмаған. Дистанцияда еңбек өнімділігі сақталған. Қолданыстағы СОБ, байланыс, пойыздық радиобайланысы және КТСМ құрылғыларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пойыздардың жүріс қауіпсіздігі толықтай қамтамасыз етілген. Және де қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жоспарлар, ГТСС нұсқаулары және инженерлік-техникалық іс-шаралар толықтай орындалуда екен. Мәселен, Жалағаш бекетінде №2,18,10,22,12, және 20 бұрмаларда, Қызылтам станциясында нөмірі 2,4,6,8 және 10 бағыттамалы бұрмалар, Қызылорда да №28 және 14 бағыттамалы бұрмалардың электрожетектері ауыстырылған, ал Қызылтам, Қаракеткен, Бәйгеқұм, Белкөл, Қараиірім, Керкелмес, Анакөл, Бақтысай, Жалағаш, Тереңөзек, Сұлутөбе, Тартоғай, Қызылорда, Аққұм, Талап және Бірқазан станцияларында ток панелдері бақылаудан өткізіліп, Белкөл, Шорнақ, Бірқазан станцияларында бағыттамалы бұрмалардың ППРЗ-5000 релесі жаңаланған. Анакөл-Жосалы, Тереңөзек-Қараөзек, Қызылтам -Қаракеткен, Сауран-Бесарық телімдерінде, 14-бекет, Майлытоғай, Төменарық станцияларында жарықдиодты модульді бағдаршамдардың линзалы кешені ауыстырумен қатар телім бойында байланыс құрылғыларына күтім жасалып қажет жерінде реле алмастыру, релелік шкафтағы КПТШ трансмиттерін ТМ блогына өзгерту, электржетектерді жаңалау, бағдаршамдарға техкүтім жасау секілді жұмыстарды атқарған екен. ...Дистанция ұжымында болған бір сағат ішінде біздер станциялық жолдарда СОБ аға механиктері Сәбит Қайрулла, Ардақ Бижігітов, СОБ электромонтері Дәулет Есмұрзаев, электромеханик Алмат Сапарбаев және СОБ электромеханик Сұлтанбек Балғынбаевтардың бағдаршам мен электржетектерді тексеріп, күтім жасап жатқан жүрген байқадық. Яғни қызылордалық белгі берушілер кеңседе де, теілм учаскелерінде де тынымсыз тіршілік жасап, жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын сақтауға барлық мүмкіндіктерін жұмсап қызмет жасайтынына көз жеткіздік. Сөз реті келгенде, биыл «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған Әкімжан Қосанов басшылық етіп отырған Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының үстіміздегі жылдың он айындағы жұмыс қорытындысын жоғары көрсеткіштермен тәмамдап, СОБ және байланыс құрылғыларына техникалық күтім жасау бойынша ШЧ филиалдары арасында «жақсы» деген бағаны иеленгенін атап өтер едік. Бұл кәсіпорын ұжымының кәсіби жауапкершілігі жоғары екенін аңғартса керек. Аймақ бойынша Қазалы мен Қызылорда станцияларында орналасқан екі дистанцияда да соңғы жылдары заманауи технологиялар енгізіліп, байланыс құрылғылары кезең-кезеңімен жаңалануда. Мәселен өткен жылдан қолданысқа енгізілген «Тетра» жүйесі мен заманауи сандық байланыс жүйесі технологиясы «Iskratel» құрылғысы мен 300 дана ІР телефонының өндіріске енгізілуі дистанцияның өндірістік жұмысын едәуір жеңілдетсе керек. Дегенмен жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін құрылғылардың күнделікті жұмысын қадағалап күтім жасау дистанция теміржолшыларының кәсіби жауапкершілігі. Ал кезегі келгенше ескіні жамап, жөнге келтіріп жұмысын ақсатпай пойыздың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға міндеттенген дистанция теміржолшылары барға қанағат етіп, кәсіби міндетті мінсіз атқаруда. Бүгінгі күнде дистанция телімдерінде радиобайланысқа жарамды 43 РТС, 42 РТМ, «Гранит», ТС-600, РС46МЦВ радиостанциялары мен релелік станциялардың РРС-1М, паркке арналған дауыс зорайытқыш 100-У-101, УМПТ-600 және СКУ-100 құрылғылары және де көп функциялы ГРАНИТ-4К және 8К хабарласу диапозонды тіркегіштерінің 9 данасы қолданылуда екен. Дистанцияда өткен бір сағатта белгі беру-байланыс саласы қызметкерлерінің өз қызметтеріне адал да жауапты жандар екеніне куә болдық.

Сабыр Надир, Қызылорда

Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова