Белкөл станциясында  аймақ жастарын қолдау, олардың жеткен жетістіктерін насихаттап, өзгелерге үлгі ету мақсатында «Жастар-теміржол болашағы» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева Елбасы Жолдауы мен Рухани жаңғыру мақаласындағы жастарға  жүктелген міндет пен жауапкершілікке тоқталып,  болашақ патриоттарды тәрбилеуде  «Жастар - Отанға»  партия жобасының мақсаты, мемлекеттік жастар саясаты, оның ішінде «Қазақстан темір жолы» компаниясының жастарды қолдауда жасап отырған іс шаралары жөнінде сөз қозғады.   Белкөл станциясының бастығы Мақсат Жүсіп үстіміздегі жылдың 3-8 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен Республикалық жастар форумында «Болашақ басқарушылар» бағдарлама бойынша жеңімпаз атанып, 3-ші дәрежелі Дипломмен марапатталған станция кезекшісі, «Теміржол» филиалының «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Ернар Зинуллаевты көпшілікке үлгі етіп, еңбек жеңісімен құттықтады. Талантты, жігерлі, сенемді, арманшыл және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері жететін, заңды сақтайтын, дәстүр мен мәдинетті құрметтейтін, құндылықтарды қастерлейтін патриот жастарды тәрбиелеу мақсатында «Жастар - Отанға» партиялық жоба аясында  жетістікке жеткен  жас өзіне көрсетілген сенім мен жауапкершілік үшін әріптестеріне алғыс айтып, қашан да халыққа қызмет етіп, сүйікті кәсібіне адал болатынын жеткізді және барша әріптестерін белсенді  болуға шақырды. Кездесу соңында «Теміржол» партия бір топ теміржолшыларды  Алғыс хатпен марапаттады. 

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Белкөл станциясы