Арсен Байзақ, Шу
Ақжолтай пойыз – ел ішінде
1 мин чтения
Ағымдағы жылдың басты жаңалығы - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының ел дамуының жарқын үлгісі мен болашаққа деген нақты қадамдарын айшықтай түсетін, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат болуы.
Осы орайда, мақалада айтылған маңызды дүниелерді ауыл тұрғындарына насихаттауда Жамбыл облысынан шыққан Астана қаласының 20 жылдығы мен Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Астана. Тәуелсіздік. Рухани жаңғыру» атты ақпараттық пойыздың маңызы зор болмақ.
Айта кету керек, ақпараттық топтың құрамында облыс әкімдігі басқармаларының қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер мен зиялы қауым және мәдениет саласының өкілдері, сондай-ақ, ардагерлер мен дәрігерлерден құралған 30-дан аса адам бар. Олар алғашқы күні Үшбұлақ, Ақшолақ, Ақыртөбе, Малдыбай, Луговой, Қорағаты, Тәтті және Аспара стансаларында болып, Шу стансасына аялдады. Екі вагонға тиелген пойызға 50 тонна картоп, 20 тонна пияз, 8 тонна сәбіз, 18 тонна ұн, 12 тонна күріш пен сұйық май және 10 тонна қант пен 2 тонна қара құмық сынды азық-түлік шалғай елді мекендеріндегі жергілікті халыққа төмендетілген бағамен ұсынылып, ауыл тұрғындары тегін медициналық тексеруден өткізілді.
Ал ақпараттық топ мүшелері халықпен кездесіп, лекция оқып, түрлі тақырыпта кеңестер беруде.