Армандар орындалады
Новости
05.01.2018, 11:47
«Қазақстан темір жолы» компаниясы жаңа жыл қарсаңында Астана қаласындағы 35 мүмкіндігі шектеулі балаға қайырымдылық шарасын жасады. Бұл шара – балалар арманын орындаған жоба десе де болады.
Себебі желтоқсан айында ұлттық компанияның «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік жобалар қорының ұйымдастыруымен бас ғимаратта «Тілектер шыршасы» құрылып, оған осындай балалардың арман-тілектері жазылған хаттар ілу сұралған болатын. Міне, сол армандар шыршасына «Астана қалалық мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде тіркеуде тұрған отыздан астам баладан түрлі тілектер келіп түсті. Оған бей-жай қарамағанм компания қызметкерлері әр баланың қалаған затын алып беруге тырысты. Сыйлықтарды кеше аталған қордың және компанияның өзге де қызметкерлері Мүгедек балалар қоғамына келіп, оларға өз қолдарымен табыстады.
–Бүгін міне, «Тілектер шыршасы» акциясын қорытындыладық. Балалардың тілектері – сан алуан ойыншықтар, әр түрлі тілдегі кітаптар, өзге де сыйлықтар екен. Сол жазғандары бойынша барлық сыйлықтарды алдық. Осындай балалардан бас тартпай, қаншама төзіммен, шыдаммен, махаббатпен соларды бағып отырған ата-аналар алдында бас июміз керек. Олар - ерекше құрметке лайық жандар, сол себепті теңіздің тамшысындай ғана болса да көмегімізді беріп жатырмыз, - дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік жобалар қорының директоры Ербол Кеңгірбаев.
Астана қаласында 20 жылдан бері осындай мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының бастамасымен мемлекет тарапынан қолдау тауып құрылған «Астана қалалық мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің директоры Қамқа Жасанованың айтуынша, бұл бірлестікте барлығы 130-дай мүмкіндігі шектеулі бала бар. Олардың 110-ы үй жағдайында ем алады және 8 түрлі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Ал ұлттық компания бұл бірлестік құрылғалы бері көмек жасап келеді екен.
–Қалай құрылдық, солай біз теміржолшылардың қолдауын, қамқорлығын сезініп келеміз. Ол үшін алғысымыз шексіз. Бұлар - қамкөңіл жандар, өзім де сондай баланың анасымын. Олар жылап, еңіреп келгенде бекем болыңдар, бұл Алланың берген сынағы деп жұбатамыз, қордың қызмет ету шеңберінде барлық көмегімізді көрсетеміз. Осындай ата-аналардың жанына жалау болып, көмек қолын соза білетін теміржолшыларға мың да бір рахмет, - деген бірлестік басшысы «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік жобалар қорының директоры Ербол Кеңгірбаевты Алғыс хатпен марапаттап балалардың қолынан шыққан символикалық тұмар тарту етті.
Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Грузовые перевозки
21.09.2026
Зерновой штаб КТЖ обсудил вывоз нового урожая в Костанае и Кокшетау
Регионы
21.09.2026
Профком Карагандинского эксплуатационного локомотивного депо провел встречу со студентами
Новости
21.09.2026
Казахстанские железнодорожники приняли участие в Международном фестивале молодежи-2026 в Екатеринбурге
Новости
21.09.2026
Машинист заметил четырехлетнего ребенка одного в степи
Регионы
21.09.2026
Пожарный поезд КТЖ задействовали при тушении крупного пожара в Костанае
Спорт
19.09.2026
Около 700 человек приняли участие в VI марафоне «КТЖ Марафон – участвуй и Ты»
Новости
19.09.2026
Более 320 столичных железнодорожников приняли участие в субботнике
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Международный туристический поезд прибыл из Сианя в Алматы
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Нацперевозчик объявил об осенних скидках до 30% на ж/д билеты
Регионы
18.09.2026
Реконструкция трех железнодорожных вокзалов завершена в Кызылординской области
Грузовые перевозки
18.09.2026
Акмолинский филиал АО «Қазтеміртранс» готов к перевозке зерна в период уборочной кампании
Новости
18.09.2026
Горочную централизацию модернизируют на станции Караганда-Сортировочная
Новости
18.09.2026
КТЖ продолжает реализацию масштабной программы по обновлению вокзалов
Регионы
18.09.2026
Акмолинские железнодорожники провели профилактическую кампанию по безопасности движения
Новости
18.09.2026
Казахстанская делегация приняла участие в форуме «Бакту – 2026» в Китае
Регионы
18.09.2026
Количество нарушений безопасности движения на ж/д транспорте снизилось в Алматинском регионе
Новости / Архив
18.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №74 от 18 сентября 2026 года
Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы