Ұлан Ораз
Ақылы жүруді қаржыландырмақ
1 мин чтения
Еуропа қайта құру және даму банкі ел автожолдарындағы ақылы жүруді қаржыландырмақ. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған банкпен елімізде ақылы жүруді енгізуге қарызға қаражат бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл ұсыныс банктің несие комитетінде қаралып, құпталған. Бүгінгі таңда қарызға беру шарттарын жоспарлау мәселесі талқылануда. Төлемді өтеу жүйесін елдің негізгі халықаралық дәліздеріне, соның ішінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынатын телімдерге енгізу жоспарлануда. 2020 жылға дейін ақылы жүйемен жүру 7000 км автожолға енгізілмек. Сонымен қатар ҚР Үкіметінің тапсырмасымен тариф мөлшері мен төлемақы төлеудің мейлінше оңтайлы жүйесін анықтау үшін құрамына мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерін алу арқылы Жұмыс тобы құрылмақ.