Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Бөлімше чемпионын анықтады
2 мин чтения
Семейлік теміржолшылар биыл да жыл соңын спорттық шаралармен қорытындылады. Бұл жолғы ұйымдастырылған біріншілік барысында бөлімше спортшылары арасында кеңінен дамыған волейбол ойыны бойынша жеңімпаздар анықталды.
Қорытынды шара болғандықтан да барлық командалар ең үздік ойыншыларын әкеліпті. Сондықтан болар, кездесулер барысы өте тартысты өрбіді. Әсіресе, Семей, Жаңасемей станциясының теміржолшылары волейбол ойынынан үштік үздіктегі орындарын сақтап қалу үшін барын салды. Әйтседе, бұл жолғы ойын барысы шамалы басқаша өрбіп, чемпиондарға өз атақтарын сақтап қалу үшін тер төгуге тура келді. Шиеленісті өткен ойын барысында бас жүлде үшін ШЧ-29 мекемесі мен Семей станциясының волейболшылары шеберлік байқасып, нәтижесінде байланысшылар 25-20 есебімен жеңіске жетті. Ал, екінші орынды Семей станциясы қанжығаға байлады. Осыдан соң Жаңа-Семей станциясының ойыншылары мен НЖС-6 қызметкерлері өзара кездесу өткізіп, қорытынды бойынша үшінші орынды алдыңғы команда місе тұтты. Есеп қорытындысы 23-16.
Жалпы кездесулер барысында ӘТЖК мен Жаңа-Семей станциясының командалары да өрнекті ойын үлгілерін көрсете білді.
–Аңдағанымыздай ойындар өте тамаша өтті. Енді жеңімпаз командалардан іріктелген шебер ойыншылар алдағы уақытта республикалық сайыста Семей теміржолының намысын қорғайтын болады. Бүгінгі ойын көрсеткендей, теміржолшыларымыз волейбол спортына төселген, сауатты ойнай біледі. Сондықтан да, ұлттық компания бөлімшелері арасындағы тартысты өтетін кездесулерден күтер үмітіміз мол, – дейді бөлімшенің спорт нұсқаушысы, жарысты ұйымдастырушылардың бірі Наталья Мешкова.