Көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәжіліс залында нормативті-құқықтық актілердің талабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайлы қосымша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған семинар-кеңес болып өтті. Оған аймақтардағы бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының басшыларымен бас мамандары түгелдей қатысты. Семинар-кеңес жұмысын ашқан департамент басшысы Т.Ерубаевтан кейін   өткен жыл көлемінде мемлекеттік орган қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық жайын есепке алудағы құқық бұзушылық жайында департамент басшысының орынбасары А.Қаспанова, Көлік саласындағы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес туралы департамент басшысының орынбасары Б.Асаинов баяндама жасады. Сондай-ақ, Көлік бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшыларының баяндамалары тыңдалды.  Ал  «ҚР мемлекеттік қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жөніндегі заңдылықтары жайында бөлім басшылары Т.Можаев пен Ж.Халеловтер баяндама жасады. Семинар соңында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын білу деңгейін анықтауға арналған  аттестаттау жүргізілді.

Төребай КЕНЖЕБАЙ