Ағылшын тілді тауар кассирі
Новости
30.01.2018, 13:06
Атбасар станциясында сырттан келіп қызмет ететіндер некен-саяқ. Қайсы бір теміржолшымен сөйлессеңіз де, өздері туып-өскен жерде, әулеттің ата кәсібін жалғастырып, еңбек етіп жатқанын айтады. Солардың бірі – тауар кассирі Светлана Французова осы Атбасар қаласының тумасы, теміржолшылар әулетінің өкілі.
Светаға тауар кассирінің жұмысы өте ұнайды, жүк жөнелтуші клиенттермен жұмыс істеп, олардың жүк вагондарын «АСУ ДКР» жүйесі арқылы қабылдап, тіркеп, төлемін жүргізіп отырады. Жіберген жүктеріне, немесе құжаттарға қатысты әлдебір мәселе туындай қалса, олардың бәрі Светаға жүгіріп келеді. Ашық та жайдары мінезді келіншектің адамды өзіне еріксіз үйіріп алатын ерекше қасиеті бар, жіті қимылмен клиеттің шаруасын шешіп беріп, күлік-күмәнін де әп-сәтте сейілтеді. «Ох, Света, сен болмасаң...», «Рахмет сізге, енді алаңсызбын!» деп алғысын жаудыратын жандарға күле жауап беретін тауар кассирінің кейде жүйке жұқартар жұмыста да қабақ шытқанын көрмейсіз, үнемі көңілді жүреді.
Мектеп бітіргенде әулет жолын таңдауға кеңес берген анасының тілін алмай ағылшын тілін меңгеруге ден қойып, лингвист мамандығын алған Светлана жоғары оқуын тәмамдағанмен, түбі айналып бәрібір теміржолға келді. Мұндайда еріксіз қазақтың «Ат айналып, қазығын табар» деген мақалы еске түседі. Содан бері өткен 15 жыл ішінде, ол осы мамандығының қыр-сырына әбден қанықты. Қазір басқа ешқайда кеткісі жоқ. Келген бетте Павлодар темір жол мектебінде 3 айлық курстан өтіп, қалған білімді жұмыс барысында оқып, ізденіп жүріп жинады, бүгінде өз мамандығын бес саусақтай меңгерген нағыз теміржолшы екеніне сенімді.
– Атам – Ағадырда паровоз жүргізушісі машинист болған. Әке-шешем, әпкем, ағаларым – бәрі де теміржолшылар. 2003 жылы бұл жұмысқа анамды шақырған. Ол кісі өмір бойы вокзал қызметкері болған. Анам маған кеңес берді. Осылай мен де теміржолға келдім. Маған бұл сала тұрақты табысы, қоғамдағы жоғары беделімен ұнайды. Ауысымдық қызметте 6 тауар кассирі жұмыс істейміз. Тәулігіне 30-80-дей вагонға құжат ресімдейміз. Қазір бұрынғыға қарағанда жүк айналымы артып, жұмыс көбейді, – дейді Светлана.
Бүгінде бір қыздың анасы және екінші баласын күтіп жүрген теміржолшы, тауар кассиріне керек қасиеттер – ең алдымен асқан мұқияттылық, зор жауапкершілік, жұмысқа қабілеттің жоғары болуы, шапшаңдық екенін айтады. Ол келгелі компьютердегі жұмыс бағдарламалары бірнеше рет өзгерді. Сондай жаңашылдықтарға тез бейімделіп, жеделхаттар, нұсқаулықтарды оқып, жаңа нәрсені меңгеруге жадының да мықтылығы керек.
Ұжымы ұйымшыл, тату және бірыңғай әйелдерден құралған. Бір-бірене қашан да көмек қолын созуға дайын. Ал арнайы оқыған ағылшын тілінен лингвист мамандығы да зая кетпейтін көрінеді. Жұмыс барысында шетелдерге жөнелтілетін кейбір жүк құжаттарын ағылшын тілінде толтыру барысында Светланаға осы білімі де көп көмек болады екен. Тіпті кейде жүк жөнелтетін бизнесмендер қажет етіп, «әлгі ағылшын тілді тауар кассирі қайда, маған сол қызмет көрсетсе...» деп іздеп келеді екен. Әулет жолын жалғастырып, тағдырын теміржолмен байланыстырған таңдауына Света еш өкінген емес.
Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Грузовые перевозки
21.09.2026
Зерновой штаб КТЖ обсудил вывоз нового урожая в Костанае и Кокшетау
Регионы
21.09.2026
Профком Карагандинского эксплуатационного локомотивного депо провел встречу со студентами
Новости
21.09.2026
Казахстанские железнодорожники приняли участие в Международном фестивале молодежи-2026 в Екатеринбурге
Новости
21.09.2026
Машинист заметил четырехлетнего ребенка одного в степи
Регионы
21.09.2026
Пожарный поезд КТЖ задействовали при тушении крупного пожара в Костанае
Спорт
19.09.2026
Около 700 человек приняли участие в VI марафоне «КТЖ Марафон – участвуй и Ты»
Новости
19.09.2026
Более 320 столичных железнодорожников приняли участие в субботнике
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Международный туристический поезд прибыл из Сианя в Алматы
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Нацперевозчик объявил об осенних скидках до 30% на ж/д билеты
Регионы
18.09.2026
Реконструкция трех железнодорожных вокзалов завершена в Кызылординской области
Грузовые перевозки
18.09.2026
Акмолинский филиал АО «Қазтеміртранс» готов к перевозке зерна в период уборочной кампании
Новости
18.09.2026
Горочную централизацию модернизируют на станции Караганда-Сортировочная
Новости
18.09.2026
КТЖ продолжает реализацию масштабной программы по обновлению вокзалов
Регионы
18.09.2026
Акмолинские железнодорожники провели профилактическую кампанию по безопасности движения
Новости
18.09.2026
Казахстанская делегация приняла участие в форуме «Бакту – 2026» в Китае
Регионы
18.09.2026
Количество нарушений безопасности движения на ж/д транспорте снизилось в Алматинском регионе
Новости / Архив
18.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №74 от 18 сентября 2026 года
Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы