Ең қатал сынақ

Новости
02.02.2018, 12:18
Өткен аптада ел аумағында қалыптасқан аса суық ауа райы Шығыстағы теміржолшыларды да біршама әбігерге салғанымен тосын оқиғасыз өтті.  Бірақ, бұл – семейліктер көрмеген құқай ма?! Құбылмалы климат жағдайында жұмыс істеуге дағдыланған сала мамандары «қыс шілдесіне» күні бұрын даярлық жүргізген болатын. Соның нәтижесінде «түу» десең түкірігің жерге түспей қатып калатын суықта сала жұмысы  штаттық режимнен ауытқытқан жоқ. Желі бойындағы жылыну үйшіктері, бақылау постылары, техникалық бақылау бекеттері мен байланыс және сумен қамту нысандары қажетті отынмен толық қамтылғандықтан айрықша көмек қажеттілігі туындамады. Станциялар мен мекемелер ғимараттары 38-40 градустық аязға байланысты біршама салқындап кеткендігі болмаса, теміржолшылар күнделікті жұмыс ырғағынан жаңылмады. Базбір нысандарда су құбырларының қатуы орын алғанымен, ол жылдам қалпына келтірілді. Сондай-ақ, басшылық шешімімен Семей магистральдық желі бөлімшесі қызметкерлері үшін жұмыс уақыты кешкі 17-00-ге дейін, ал жүк тасымалы бөлімшесі үшін кешкі -00-ге дейінгі уақытпен шектелді. Сол тәрізді аязға және ауа райына байланысты қоғамдық көліктер қызметінің қиындауына орай жұмыс уақыты таңертеңгі 10-00-ден басталды.  –Аяз қанша қысқанмен күні бұрын дайындықтың арқасында қиналған жоқпыз, пойыздар қауіпсіздігіне нұқсан келмеді, жұмыс орындарының жылылығы мен кезекшілікке шыққан жұмысшылар қауіпсіздігі назарда болды. Бар кедергі сол – желі бойында ұйымдастырылуы тиіс жоспарға сай және жоспардан тыс белгіленген бірқатар техникалық дәрістер мен тәжірибелік мектеп сынды іс-шараларды белгісіз мерзімге кейінге шегеруге тура келді, – дейді Семей магистральдық желі бөлімшесінің еңбекті қорғау бөлімінің бастығы Жомарт Шапишев. Табиғаттың тосын мінезі салдарынан апатты жағдай орын алып немесе артық шығынға жол берілмеді. Жалпы, қаңтардың 22 күні басталған аяз тек 29 күні ғана қайтқандай болды. Әйтседе, таяу күндерге жасалған ауа райы болжамы бойынша 30 градустық аяз әлі де апта бойы сақталмақ. Сарышұнақ аязға еті үйренген шығыстық теміржолшылар үшін 20-30 градустық суықтар сөз емес десе де болғандай.

Қуаныш Қожаев, Семей

Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области