Жоспарда – жүк тасымалы көлемін арттыру

Новости
07.02.2018, 15:53
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ – ЖТ-Жамбыл бөлімшесі өткен жылды жаман  қорытындылаған жоқ. Тек жүк тасымалынан түскен қаржының өзі 19 378 086 854 теңгені құрады. Бұл дегеніңіз, алдыңғы жылмен салыстырғанда  2 406 878 373 теңгеге  немесе 14 пайызға артып отыр деген сөз. Сондай-ақ, бөлімшеде жүк тиеу жоспары бойынша 7 879,5 мың тонна болса, тиелгені 7880,0 мың тонна, жоспар бойынша 118 990 вагон болса, тиелгені 119 011 вагон немесе 21 вагон жоспардан тыс тиелген. Осылайша 2017 жылы жүк тиеу 632,4 мың тоннаға немесе 8,1 пайызға, 9550 вагонға өскен. –Жүк тасымалдау көлемін арттыру бойынша жүк жөнелтушілермен бірлесіп жүргізген жұмыстың, сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын қатыстыра отырып, ұйымдастырылған кездесу-семинарлардың пайдасы тиді. Соның нәтижесінде, есепті  мерзімде жүк айналымы 24870,0 млн ткм неттоны құрады, жоспар бойынша 23078,0 млн ткм нетто немесе 107,7 пайыз жоспардан тыс орындалды. Және бір айта кетерлігі, жалпы пайдалану көрсеткіштерінің жақсаруына Шу-Отар телімінің екінші жолының пайдалануға берілуінің де оң әсері болды. Яғни,  телімдегі пойыздардың жүріп өту уақыты қысқарып, пойыздарды өткізу қабілетін ұлғайтуға мүмкіндік артты,– дейді ЖТ-Жамбыл бөлімшесінің директоры Берік Ақшалов. Сонымен қатар, бөлімше қызметкерлері ағымдағы жылы жүк тиеу көлемін аймақтағы  кәсіпорындардың тасымалдау көлемін арттыру болжамына сүйене отырып, 2017 жылға қарағанда 283,6 мың тоннаға көбейтуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, аймақтағы ірі кәсіпорындар –  химиялық тыңайтқыш өндіретін «Қазфосфат» ЖШС – 80,0 мың тн, «ЕвроХим–Қаратау» ЖШС – 68,5 мың тн, цемент шығаратын «ЖЦПК» ЖШС –  77,9 мың тн, «ACIG» ЖШС – 12,5 мың тн, гипс өндіретін «Кнауф гипс» ЖШС – 41,2 мың тн, қант зауыты «ЦАСК» ЖШС – 3,5 мың тонна  өнім артады деп болжанып отыр екен. –Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі жағдайын жақсарту және еңбекті қорғау талаптарын сақтау бағытында да бірқатар іс-шаралар жүзеге асты. Мысалы, кәсіпорын басшыларымен стандарт  талаптарын егжей-тегжейлі зерделей отырып, семинар-кеңес өткізілді. Сонымен қатар, жұмысшыларды ынталандыру мақсатында алты аталым бойынша байқау ұйымдастырылды. Құқық қорғау органы қызметкерлерін шақырып, үйлестіру кеңестерін өткіздік, – деген  бөлімше басшысы  ағымдағы жылғы міндеттерге де тоқталып өтті.   Атап айтқанда, соның ең негізгісі, күн сайын берілетін технологиялық толаскез уақытын  азайту есебінен техникалық қызмет көрсету және төбешіктің ғимараттары мен құрылғыларын жөндеу үшін алдын ала ДСПГ-мен келісе отырып, қалған  минутты вагондарды тарту арасында беру арқылы жылдық экономикалық тиімділікті 297, 720 млн теңгеге жеткізе отырып, Шу станциясының сұрыптау төбешігінің қайта өңдеу қабілеттілігін арттыру. Бұдан өзге, ДУ-2, ДУ-3 формасындағы журналдардың орнына тәжірибелік пайдалануға АРМ ДСП/ ДНЦ ГИД «Урал-ВНИИЖТ» бағдарламасын енгізуді де көздеп отыр екен. Сонымен қатар, ауырсалмақты және рейстік қозғалыстың үлесін, нормативтік қозғалыс кестесі мен пойыздарды құрастыру жоспарының рөлін, нұсқамалық пойыздар қозғалысы кестесінің сақталуын да қадағалауды күшейтпек.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Спорт
19.09.2026
Около 700 человек приняли участие в VI марафоне «КТЖ Марафон – участвуй и Ты»
Новости
19.09.2026
Более 320 столичных железнодорожников приняли участие в субботнике
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Международный туристический поезд прибыл из Сианя в Алматы
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Нацперевозчик объявил об осенних скидках до 30% на ж/д билеты
Регионы
18.09.2026
Реконструкция трех железнодорожных вокзалов завершена в Кызылординской области
Грузовые перевозки
18.09.2026
Акмолинский филиал АО «Қазтеміртранс» готов к перевозке зерна в период уборочной кампании
Новости
18.09.2026
Горочную централизацию модернизируют на станции Караганда-Сортировочная
Новости
18.09.2026
КТЖ продолжает реализацию масштабной программы по обновлению вокзалов
Регионы
18.09.2026
Акмолинские железнодорожники провели профилактическую кампанию по безопасности движения
Новости
18.09.2026
Казахстанская делегация приняла участие в форуме «Бакту – 2026» в Китае
Регионы
18.09.2026
Количество нарушений безопасности движения на ж/д транспорте снизилось в Алматинском регионе
Новости / Архив
18.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №74 от 18 сентября 2026 года
Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути