Өзен, Болашақ станциялары   өткен жылды табысты аяқтады. Жаңа жылдың басындағы аяқ  алыстары да жаман емес. Өзен станциясында алғашқы айда жүк айналымы 2017 жылғы қаңтардағыдан 12 пайызға өссе, Болашақта 27 пойызға көбейді.  Жұмыс осылай қарқынмен жалғаса берсе, Елбасы Жолдауында транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты жоғарылату жөнінде 2020 жылға дейін қойылған межені бағындыруға, көлік-логистика саласын дамытуға аталған станциялардың да қосар үлестері зор болмақ. –  Өзенде 2016 жылы жүк айналымы 124472 тонна, вагон саны 2713 болса, былтыр 155866 тонна, 3007 вагон болды. Жүк айналымынан 110,8 пайызға,   тонна бойынша 125,2 пайызға артты. Станциядан 2016 жылы 346, 2017 жылы 387 транзиттік пойыз Болашаққа жөнелтілді. Жіберілген жүктердің негізін пропан, пропан-гексан фракциясы (пропан-гексановая фракция) құрады, – дейді Өзен станциясының бастығы Самат Сариев.

Шахида ЖҰМАН