Райхан Рахметова
Тұңғыш рет теннис ойнады
1 мин чтения
Құрылғанына екі жыл болған Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі филиалы теміржолшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында теннистен жарыс ұйымдастырды.
Маңғыстау станциясы вокзалының жанындағы ғимаратта отырған қабырғалас 4 мекеменің әрқайсысынан 2 ойыншыдан шығып, төрт команда теннистен тартысты ойын көрсеткен.
–Мекемеміз құрылғалы түрлі шараларға қатысып, ұйымдастырып жүрсек те, теннистен жарысты бірінші рет өткіздік. Бұл шараны өзіміздің төл мерекемізге арнадық. Сонымен жарыс қорытындысында, бұрынғы Маңғыстау жол бөлімшесі, ал қайта құрылымдаудан кейінгі атауы Маңғыстау Жүк тасымалы бөлімшесі болып өзгерген мекеменің ойыншылары жеңімпаз болса, екінші орынға «ҚазТемірТранс» мекемесі, үшінші орынға Әскерилендірілген теміржол күзеті шықты, – дейді бөлімше филиалының персонал жөніндегі менеджері Алма Бектілеуова.
Жүлдегерлер дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталған.