Қауіпсіздік талабы: бес стандарт қағидасы
Новости
20.02.2018, 12:05

Биылғы жыл Қазақстан темір жолы бойынша «Станция бастығының жылы» болып жарияланып отыр. Өткен жұма күні Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі базасында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ ұйымдастыруымен кластан тыс станция бастықтары мен өндірістік оқыту нұсқаушыларының қатысуымен қозғалыс қауіпсіздігіне қатысты ауқымды семинар-кеңес өтті.
Жиынның модераторы Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Берік Истлеев республикалық деңгейде өтіп отырған семинардың мақсаты – өткен жылдың пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтауға қатысты жұмысын қорытындылап, «Станция бастығының жылы» деп жарияланып отырған биылғы жылдың жүгін айқындап, проблемалық мәселелерді анықтау, оларды шешудің оңтайлы жолдарын қарастыру екенін атап өтті.
«Өткен жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бойынша пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін бұзған 180 оқиға тіркелді. Өкінішке орай, көп жағдайда қауіпсіздікті бұзушылық «адами фактор» ықпалынан болып отыр. Бүгін біз кластан тыс 22 станция бастығын және өндірістік оқыту шеберлерін жинадық. Білесіздер, бүгінде жұмыста қолданылатын қажетті нормативтік құжаттар компания деңгейінде қабылданып, қолданысқа енгізілген. Ертеректе пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға арналған корпоративтік басқару жүйесі болатын, қазір оның орнына қауіпсіздікті басқарудың басқару жүйесі, мінез-құлық, тәртіптік оқытудың және төтенше жағдайда қолдану стандарттары шықты. Біз былтыр қараша-желтоқсан айларында өңірлерді аралап, осы стандарттарды оқыту жұмыстарын жүргіздік, еңбек қорғауға да қатысты мәселелер болды. Бұл шаралар биыл да жалғасын таппақ. Бірақ, алдағы наурыз айына дейін біз бес стандартты оқып, жатқа біліп алуымыз керек. біз бұл стандарттардың бәрін жібердік, сіздерге соны өз станцияларыңның аумағында жұмыс істейтін еңбеккерлерге түсіндіріп, жұмыста пайдалануды жүзеге асыру қалды. Еңбек қорғау саласында орын алған жазатайым оқиғалардың он бірі есепке алынды, міне, жаңа жыл басталмай жатып, өндірістік жарақаттану фактілері тіркеліп жатыр. Сондықтан біз бүгінгі басқосуда осындай келеңсіздіктердің алдын алу жолдарын қарастырып, биыл қалай жұмыс істейтінімізді кеңесуіміз керек. Не жетіспейді, қай жерде олқылыққа орын берілуде? Былай қарасақ, техникалық сабақтар тұрақты өткізіліп, жоспардан тыс кенеттен болатын тексерулер өткізіліп тұрады. Десе де, қозғалыс және еңбек қауіпсіздігінің бұзылу оқиғалары азаяр емес. Сондықтан бүгінгі семинарда әркім өз станциясына қатысты қордаланған немесе баршаға ортақ мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарыңыз болса жеткізулеріңізге мүмкіндіктеріңіз бар» деді жиынды ашқан Берік Истлеев.
Келесі сөз кезегін алған Жамбыл ЖТ бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Үмітбек Рысбеков бөлімше жұмысына қысқаша тоқталып өтіп, филиал құрамында 60 станция бар екенін және олар «ҚТЖ» ҰК» АҚ 17 филиалының өндірістік қызметін үйлестіріп отырғанын жеткізді.
Жамбыл ЖТ бөлімшесі филиалы – Қазақстан темір жолының Шығысты Батыспен, Азиямен байланыстыратын негізгі торабы. Биыл біз өткен жылға қарағанда, «Казфосфат», «Еврохим Қаратау», «ЖЦПК», «Кнауф гипс» кәсіпорындарынан жүк тасымалын арттыру арқылы жүк тиелімін 267,6 мың тоннаға немесе 3,9% ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Шу – Отар телімінде пайдалануға берілген екінші жолдар есебінен пайдаланымдағы сандық және сапалық көрсеткіштерді жақсартуды жоспарлап отырмыз. Өйткені, екінші жолдың салынып, қолданысқа берілуі аталған телімде жолаушылармен қатар жүк пойыздарының жолдағы жүру уақытын қысқарта отырып, өткізу қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді» дей келе Үмітбек Рысбеков, станция бастықтарының станция аумағында өз қызметтерін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелердің пайдалану жұмыстарын үйлестіруде атқаратын рөлі зор екенін атап өтті.
Станция бастығының мәртебесін көтеру үшін Үмітбек Рысбеков осы қызметке тағайындалған адам бірнеше қасиетке ие болу керектігін айтады. Біріншіден, станция бастығы білікті маман болуы қажет, қарамағындағы адамдарды мәселені шешу барысында оның дұрыстығына көздерін жеткізе алатындай болуы керек. Яғни, ол өз ұжымында ғана емес, қоян-қолтық жұмыс істейтін аралас қызмет жетекшілерінің арасында да беделді, сөзі өтімді болуы қажет. Екіншіден, станция бастығының ұйымдастырушы және үйлестіруші сияқты тәртіпке бағынған және мақсат қоя білетін жетекшілік қасиеті болуы керек. Яғни, уәде қылсаң – орында, қарамағындағыларға тапсырма берсең – орындалғанын қадағала, мақсат қойсаң – нәтижеге қол жеткіз.
Ал мұндай қасиеттер көп жағдайда станция бастығында кез келген мәселеге қатысты үлкен білім қорының болуын талап етеді. Сонда ғана адам өзіне сенімді болмақ. Қызметкерлерінің не айтпағын тез түсініп, шұғыл шешім қабылдап, шапшаң әрекет ете алмақ. Ал бұл үшін үнемі өзін-өзі дамытып, оқып іздену қажет, кәсіби біліктілікті заманауи біліммен ұштастырып, қызметкерлері мен бірлесе жұмыс істейтін өзге ұйым жетекшілері алдында өз кәсібінің білгірі екенін растап отыру керек.
– Станция бастығының мәртебесін көтеруге қатысты негізгі талаптар мен құзыреттіліктер бүгінде жасалып, бұйрық, ереже, қызметтік міндеттер, т.т. құжаттармен анықталып қойған. Станция бастығына тек өз жұмысын адал, жауапкершілікпен, әр нәрсеге байсалдылық таныта отырып атқару қалып отыр. Себебі, темір жолда ұсақ-түйек деген болмайды. Сондықтан барлық нәрсе осы қызметтің тізгінін ұстаған адамға байланысты. Ал жұмыс беруші тарап бастамашыл, сауатты, мақсатшыл станция басшыларын қолдап, көмектесуге әрдайым дайын, – деп түйіндеді өз сөзін семинарға қатысушы бөлімше өкілі.
Бұдан кейін семинарға қатысушыларға «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның даму стратегиясымен видеоролик арқылы танысты. Семинар барысында оқиғаларды олардың түпкі себептерін анықтау арқылы басқару стандарты, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалдарында техникалық сабақты өткізу ережесі, сала еңбеккерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру үшін қабылданып отырған шаралар, станция бастықтарының олармен бірлесе жұмыс істейтін желілік деңгейдегі құрылымдық бөлімшелермен жұмысы, қозғалыс қауіпсіздігін бұзу түрлері бойынша жіктеу, локомотив шаруашылығындағы қозғалыс қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу, тағысын тағы тақырыптар кеңінен қозғалып, баяндалды. Ұзынсонар баяндамаға емес, қысқа да нұсқа мәселелерге тоқталып, мазмұнды өткен жиында қатысушылар өздерін емін-еркін ұстап, көкейлерінде жүрген сұрақтарын, толғандырған мәселелерін іркілмей ортаға салып, ұсыныстарын білдіріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Мысалға, станция бастықтарының бәрінің көңілінен селекторлық кеңестердің көптігі шықпайды екен. Олар станция бастықтарына тікелей қатысы бар және қатысы жоқ селекторлық кеңестерге қатысуға мәжбүр екенін, осы мәселе бір жүйеге келтірілсе деген тілектерін білдірді. Сондай-ақ, станцияға келетін башмак сияқты кейбір құрылғылардың сын көтермейтіні сөз болды. Кейбір мәселелерді станция басшыларының өздері шешу мүмкіндігі бар екенін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ өкілі нақты мысалмен келтіріп, кеңес берді.
Семинар соңында айтылған мәселелер есепке алынған хаттама толтырылып, станция бастықтары тарапынан жазбаша тағы ұсыныстар болса, солармен толықтырылып, орталық аппарат кеңесінде қаралып, оң шешімдер шығару жолдары қарастырылатын болып келісілді. Қазақстан темір жол тарихында станция бастықтарының қатысуымен бірінші рет өткізіліп отырған семинар оның қатысушыларына соны серпін беріп, жұмыстарына жаңа леп қосатыны айқын.
Тағы бір атап өтерлік жайт, Берік Истлеев семинар соңында, «Станция бастығы жылына» қатысты байқау өткізіліп, оның қорытындысы бойынша үздік станция бастығы анықталатынын, қазір осы байқау үмкіткерлеріне қойылатын талап критерийлері жасалып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, байқауда сандық және сапалық көрсеткіштер ғана емес, станция бастықтарының басқарушылық жеке қасиеттері, қарамағындағы қызметкерлермен, өзге құрылымдар басшыларымен жұмыс істей білу қабілеттері де ескерілетін болады.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Инфраструктура
04.07.2025
Новая щебнеочистительная машина пополнила парк КТЖ
Регионы
04.07.2025
Комплексную проверку провели на станции Сары-Озек
Инфраструктура
04.07.2025
Комплекс мероприятий КТЖ обеспечил снижение числа инцидентов
Новости
04.07.2025
Менеджер Департамента инфраструктурного развития Тулеген Утегенов помог спасти жизнь коллеге
Новости
04.07.2025
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало более 120 км путей
Новости / Архив
04.07.2025
Газета Қазақстан теміржолшысы, №51 от 04 июля 2025 года
Новости
03.07.2025
Число инцидентов на железной дороге сократилось вдвое
Новости
03.07.2025
Глава государства обозначил ключевые задачи для министра транспорта
КТЖ в лицах
03.07.2025
Ветеран железнодорожной отрасли Евгений Журавский отметил 90-летний юбилей
Новости
03.07.2025
Председателем правления КТЖ назначен Талгат Алдыбергенов
Регионы
03.07.2025
Более 103 км скотоизгороди возведено на железнодорожных участках Карагандинского региона
Пассажирские перевозки
03.07.2025
Более 1,2 млн пассажиров перевезено поездами КТЖ в июне
Новости
03.07.2025
XII совещание министров транспорта ШОС «Глобальный устойчивый транспорт» прошло в Тяньзыне
Новости
02.07.2025
Атырауский вагоностроительный завод планирует выпускать до 7 тыс. вагонов к 2026 году
Грузовые перевозки
02.07.2025
Рост экспортных перевозок зафиксирован в первом полугодии на сети КТЖ
Регионы
02.07.2025
Предприятия Оскеменского региона наградили по итогам весеннего осмотра
Новости
02.07.2025
Станция Достык готовится отметить 35-летний юбилей
Грузовые перевозки / Цифра недели
01.07.2025
Перевозки зерна по сети КТЖ выросли на 53%
Регионы
01.07.2025
Учебно-показательный комиссионный осмотр прошел на станции Орал
Новости
01.07.2025
Антитеррористические учения прошли в порту Актау