Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Вокзал жұмысымен танысты
1 мин чтения
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев теміржол вокзалының жұмысымен танысты. Өңір басшысын теміржол нысанымен Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Бөріхан Беркімбаев таныстырды.
Батыс аймақтағы жолаушы нөпірі тәуліктің кез келген уақытында бір тынбайтын вокзал жұмысымен танысып, ғимаратты аралап шығып, жолаушыларға көрсетілер қызмет түрлерімен танысқан аймақ басшысы теміржол вокзалы мен халықаралық әуежайының өңір үшін, Ақтөбе қаласы үшін маңыздылығын айта келе, бұл нысандардың жұмысы да талапқа сай болуы керектігін жеткізді.
Назардан вокзал ғимаратының архитектуралық үлгісі мен қасбеті, перрон мен теміржол кассаларындағы кезек мәселесі де тыс қалмады. Облыс басшысы вокзалдағы автоматтандырылған билет сату терминалының қызметін жоғары бағалады, сонымен қатар теміржол билетіне қолжетімділікті арттыру жайлы тұрғындар тарапынан болған ұсыныстарды жеткізді.
Әрі қарай Шалқарды бетке алған аймақ басшысы пойызға билет алып, ауданға сапарын теміржол көлігімен жалғастырды.