Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Құқықтық кеңес берді
1 мин чтения
Қызылорда ЖТ бөлімшесінде психологиялық-педагогигалық және заңгерлік кеңес беру үшін Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының адвокаты теміржолшылармен қоғамдық қабылдау өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Адвокат Жеңісбек Шәкіманұлымен бірге Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Педагогика және психология кафедрасының оқытушысы, психолог Райхан Аманбайқызы да қабылдауға қатысып, аймақ теміржолшыларына кеңес берді.
«Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының ұйымдастыруымен және қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткен кездесуге отбасы мәселелеріне қатысты әлеуметтік сипаттағы, мемлекеттік бағдарламалар негізінде тұрғын үй алу, жалдамалы пәтер мәселесі, көп балалы аналарға көрсетілетін жеңілдіктер, банктер қызметтерін пайдалану, несие алуда болған заңсыздық әрекеттер, мүгедек балаларға көрсетілетін қызмет түрлері, жеңілдіктер және психологиялық көмек алу мүмкіндіктері секілді сұрақтармен келген теміржолшылар тыңдалып, әр тарап оған өз мүмкіндіктерінің шегінде жауап беріп, сондай-ақ, азаматтарға берілетін жеңілдіктер мен мемлекеттер тарапынан көрсетілетін қамқорлықты тиімді пайдаланудың жолдары түсіндірілді.