Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Темірбетонға көшуде
1 мин чтения
Қазақстан темір жолын бірте-бірте темір-бетон шпалдарға көшіру жоспары жыл өткен сайын мәреге жақындап келеді. Қаңтарда Түркістан станциясындағы №13-14 жолдарға темір бетонды шпалдар салынды.
Наурыздың басында 3108-3111 шақырым арасындағы бір жолдық Түркістан – Шойтөбе, Темір – Ақшоқат, Күншағыр – Отырабат телімдеріне күрделі жөндеу жүргізіледі деп күтілуде. Нәтижесінде темір бетонды шпалдар тағы бірнеше шақырымға артпақ.
Арыс жол дистанциясына қарасты Түркістан телімінің бастығы Үсен Жұмановтың айтуынша, қазіргі таңда бұл аралықта ағымдағы жұмыс жүруде. Өткен жылы Түркістан станциясындағы №6 жолдың ескірген шпалдары толығымен алынып, темір бетон шпалдар салынған.
– Биыл тағы №4-3 және №11-12 жолдарды да жаңалаймыз. Түркістан –Арыс – Сарығашқа дейін созылған ірілендірілген дистанция болғандықтан, жұмыс ауқымды, осынша жолды мал мен жаннан қору үшін қоршау саламыз, жыл он екі ай ауыл-ауылды аралап тұрғындармен түсіндіру жұмысын жүргіземіз. Қауіпсіздік – бірінші кезекте. Өзге аймақтарда болған оқиғалар жайлы келген телеграммалармен жолшыларды сол мезет таныстырып отырамыз, - дейді Үсен Советұлы.