Шахизат Сарина
«Сәтті қадам» жобасы аясында
1 мин чтения
Маңғыстау вагон пайдалану депосында "Нұр Отан" партиясының "Сәтті қадам" жобасы аясында ашық есік күні өтті.
Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен шара барысында аудан жастары теміржолдың вагон шаруашылығы жұмыстарымен танысты.
Мұнайлылық жастарды депоның техникалық қызмет көрсету орталығының оқыту жөніндегі нұсқаушысы Азамат Елубаев күтіп алып, ағыту тұйығын, оқу-жаттығу алаңын аралатты. Орталықтың алдына мекеменің вагон қараушылары түрлі деңгейлердегі ақауларды анықтап, өзге жұмысшыларға үлгі ретінде жасақтап қойылған вагон бөлшектерін көрсетіп, жасалып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
Жалпы партияның «Сәтті қадам» жобасының негізгі мақсаттары «Адам» және «Болашаққа ұмтылыс» сияқты екі құндылыққа сәйкес келеді, олардың негізінде адам, оның қадір-қасиеті мен құқығы, сондай-ақ, әр азамат туғанынан дені сау болуға, білімді болуға, еңбек етуге, лайықты еңбекақы алуға мүмкіндік беретіндей әлеуметтік және басқа да игіліктерге кепілді әрі тең тұрғыда қол жеткізе алуға тиіс.