Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Абайлашы, жасөспірім!
1 мин чтения
Шымкент темір жол вокзалының аумағында ЖІІБ тәртіп сақшылары «Қадағалаусыз жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасымен қатар «Жасөспірім - заң - қауіпсіздік» акциясын өткізуде.
Шара барысында рейд жүргізіліп, түнгі 23.00-ден кейін ата-анасынсыз жүретін жоғары сынып оқушылары қатаң қадағалануда. Кейде ата-анасына өкпелеп, болмаса балалар үйінен қашып кеткен жеткіншектер көбіне вокзалға түнейді. Сондықтан, олардың қылмысқа баруының алдын алу үшін желілік полиция қызметкерлері 19-24 ақпан аралығында вокзал аумағын жоспарлы түрде тексеріп жатыр. Шымкент ЖІІБ ювеналды полиция тобының инспекторы Аида Мақашева мұндай тексеру күнделікті жұмыстары екенін, тек айлық кезінде күшейтілетінін айтуда.
Құлақпен естігеннен көзбен көрген әсерлі болатынын ескерген полицейлер жоғарыдағы шара барысында үйінен қашып кететін, теріс әрекеттерге бейім жасөспірімдерді балалар колонияларына апарып, ондағы жағдаймен таныстыруды да жоспарлап отыр екен.