Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Білім жетілдіруде
1 мин чтения
Қызылорда ЖТ бөлімшесінде теміржолшылардың білімін жетілдіріп, біліктілігін арттыру қалыптасқан дәстүр бойынша жүргізіліп келеді. Жыл сайын еліміздің ірі қалаларында технологиялық оқыту орталықтарында білімін арттырып, тәжірибе жинап қайтатын қызылордалық теміржолшылардың қатары көбеймесе азайған емес.
Биыл да білім жетілдіру шаралары кестеге сай жүргізіліп жатыр. Бұл жайлы бөлімшенің персоналмен жұмыс бөлімінің маманы Шәмшагүл Алпысбаева әңгімелеп берді. Маманның сөзіне қарағанда ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап бөлімше теміржолшыларын оқыту орталықтарына жолдама беру жұмысы басталып, жыл бойы жүргізілетін болады.
– Ақпан айында Ақтөбе, Жамбыл және Астана қалаларындағы ФЦкадр оқыту және технологиялық оқыту орталықтарына біздің бөлімшенің 17 теміржолшысы оқуға барды. Олардың ішінде пойыз құрастырушы, пойыз қабылдаушы, жүк және багаж қабылдаушылардан 11 адам, ақпан айында бір апталық, бір айлық және 3 айлық біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп келді. Ал наурыз айында 4-5 класты станцияларының басшыларынан 6 адам арнайы оқыту орталықтарына аттанды, – дейді Шәмшагүл Алпысбайқызы.