Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Энергодиспетчерлер
1 мин чтения
«Шымкент жүк бөлімшесі» ЖТ филиалында аймақ теміржолын электр энергиясымен қамтамасыз ететін энергодиспетчерлер отырған бөлме қашан да қарбаласқа толы.
Таблодағы байланыс желісінің сызбасына қарап, толаскез кезінде энергияны өшіріп отыру – осы энергодиспетчерлердің бақылауымен автоматты түрде іске асады. Яғни, Көктерек – Меңлібай телімінде толаскез болса бөлімшеде телебасқару арқылы жұмыс істейді. Мамандардың айтуынша, күнделікті атқарып жүрген жұмыстары болғанмен, нүктелерді басып отырудың еш қиындығы жоқ тәрізді көрінгенімен, жүйкеге салмақ түсіретін жауапты да мазасыз жұмыс. Оның үстіне таблоның да ескіріп қалғаны әрбір әрекетіңді тексеріп, «екі шоқып, бір қарауды» талап етеді екен. Әсіресе, толаскез, жөндеу кезінде түскі, кешкі асқа қарауға мұрша болмайтын сәттер болады. Әрине, автоматты түрде бұғаттау жүйесі болғандықтан, бұл жерден қателік кетпейді.
Түлкібастан Бадамға дейінгі аралықтың энергиямен қамтылуын осы жігіттер бақыласа, екінші қабаттағы әріптестері Қалаш–Сарыағаш–Түркістан бойын қадағалап отырады.