«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ – Атырау бөлімшесінің «Құрмет тақтасы» өңірдегі ең үздік 24 теміржолшының есімдерімен жаңарды. Мамандар бөлімінің басшысы Бауыржан Қартанның айтуынша, Құрмет тақтасы жыл сайын теміржолшылардың кәсіби төл мерекесі қарсаңында ауыстырылып, жаңартылып тұрады. Оған осы сала бойынша әр түрлі мамандықтарда көп жылдардан бері адал еңбек етіп, үздік жетістіктерімен ерекшеленген еңбек озаттары таңдалады. Ал, мереке тұсында өтетін салтанатты жиында бұл озаттар бөлімше  басшысы Бөріхан Сматоллаұлының қолынан «Алғыс хат» алып, бағалы сыйлықтармен марапатталады. – Еңбек адамын бағалап, ынталандырып, олардың атқарып отырған жұмысының тиісті бағасын беріп отырса, өндіріс одан тек ұтады. Осы орайда  сонай кеңес заманына келе жатса да тәрбиелік мағлымы мол «Құрмет тақтасының» маңызы зор, – дейді Бауыржан Ақназарұлы.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

Атырау