Кешенді бағдарлама аясында
1 мин чтения
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Кешенді мақсатты бағдарлама» жобасы жасалуда.
ҚР ИДМ автомобиль жолдары комитеті бекітетін бұл бағдарлама бойынша жолдағы ой-шұңқырларды жою, жүргіншілер бөлігінде белгілер салу, жол белгілерін қою, ақпараттық паннолар орнату, қоршауларды жөндеу, автопавильондар мен демалыс алаңдарын жөндеу және басқа да аббаттандыру жұмыстарын жүргізу қарастырылған. Жол төсемдерінде қыстан кейін пайда болған кемшіліктерді жоюмен байланысты, сонымен қатар автомобиль жолдары мен жол имараттарын сақтау үшін екі айлық шара ұйымдастырылған. Оның кезеңдері келесідей ретпен бөлінген: 1 сәуір мен 1 маусым аралығында бұл жұмыстар Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы филиалдар бойынша, ал 15 сәуір мен 15 маусым арасында Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы филиалдарда жүзеге асырылмақ.
Райхан Рахметова, Астана