Төребай КЕНЖЕБАЙ, Астана
Жолсеріктерге нұсқаулық
1 мин чтения
Жазғы жолаушы тасымалының басталуымен тағы бір мәселенің ұшы көрінетіні анық. Ол – жіті ішек инфекциялары тудыратын эпидемиологиялық маусым.
Осыған баланысты Көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында, әсіресе жолаушылар пойыздарының жолсеріктер бригадалары мен жолаушылар арасында қажетті нұсқамалар жүргізілуде. Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында жаппай тамақтан улану жағдайларының тіркелуіне орай, рейске шығар алдында жолсеріктер биригадасына сақ болу қажеттігі ескертілуде.
Нұсқама жүргізудің мақсаты – жолсеріктер мен жолаушылар арасында тамақтан улану және ішек инфекциясын болдырмау. Сондай-ақ, ішек инфекциясы және тамақтан уланудың барысы жайлы жан-жақты түсінік беру. Жоспарға сәйкес, эпидемиологиялық маусым тудыратын тамақтан улану сынды келеңсіздіктерден сақтану жайлы
2000-нан астам жолсерікке дәріс беру көзделіп отыр екен.